2 оттегі аппаратын тарту етті

Көптің қолдауымен жүзеге асқан игілікті іс

Аса қауіпті жұқпалы індет саналатын коронавирус инфекциясына қарсы күрес және оның алдын алу шаралары жалғасуда.

Карантиндік режим жеңілдегенімен босаңсуға болмайды. Бұл әлемдік проблемаға айналып отырған қатерлі дерт жойылып кетті деген сөз емес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Алайда, ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек», – деп атап өткен болатын.

Сондықтан да қауіпті кеселмен күрес және сақтық шаралары қатаң бақылауда. Қауіпті дертпен күресте алдыңғы шепте, әрине, дәрігерлер жүр.

Жуырда Қарасу аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінің жұмысының барынша нәтижелі болуына үлес қосу мақсатында Қарасу аудандық мешітінің бас имамы Халық қажы Қабиұлы 2 тыныс алу оттегі аппаратын тарту етті.

«Көп көтерген жүк жеңіл» дейді. Бұл игі іс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, Қарасу аудандық мешітінің қолдауымен, және шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мешіт жамағаты демеушілігінің арқасында ойдағыдай іске асты.

Айта кетерлігі, аталған игі істің жүзеге асуына «Қарасу Астық» ЖШС, белгілі кәсіпкер Алмат Тұрсынов та қомақты үлес қосты.

2 дана тыныс алу оттегі аппаратының құны 470 мың теңге.

Медицина қызметкерлері коронавирус пандемиясымен күресте қолдау көрсетіп, оттегі аппаратын сыйға тартқан үшін алғыстарын білдірді.

– Халықтың қолдау-көмегі, ауызбіршілігі мен береке-бірлігінің арқасында көпке үлгі боларлықтай игі іске ұйытқы болдық. Қолдау-көмек көрсеткен барша азаматтар мен азаматшаларға алғысымыз шексіз, – дейді Халық қажы Қабиұлы.

Коронавирус ауруы асқынса, тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі – өкпе зақымданады. Соның салдарынан оттегі жетіспеушілігі туындап, науқастың жағдайы нашарлай түседі. Бұндай кезде тыныс алу аппаратының маңызы зор.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суретті ұсынған Қарасу аудандық мешітінің бас имамы Халық қажы Қабиұлы

Редактор

Recent Posts

Карасуские школьники провели новый сезон приключений и познаний

Палаточный стан «Экспедиция» стал ярким досуговым дополнением к уже действующим проектам на базе Железнодорожной школы.…

2 дня ago

Карасуский район стал средоточием для любителей шахматных поединков

Это знаменательное событие проведено по инициативе семьи Турсуновых, которые организовали шахматный турнир как дань памяти…

3 дня ago

Подведены итоги серии районных мероприятий, посвящённых Дню домбры

Напомним, уникальный культпроект стартовал 5 июня во всех городах и районах области. (далее…)

4 дня ago

Члены семьи Танкеновых из села Ленино называют себя командой

Участников республиканского проекта связывают не только родственные узы, но и общее увлечение. (далее…)

4 дня ago

В Карасуском районе ещё одним досуговым местом стало больше

В селе Павловское состоялось открытие спортивно-игровой площадки. (далее…)

5 дней ago

Сразу 6 подучётных Карасуского района попали под амнистию

В районной Службе пробации пояснили, что проведение уголовной и административной амнистии инициировано президентом страны в…

3 недели ago

This website uses cookies.