Құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Жұмыс күші жергілікті тұрғындар тарапынан тартылды

Биыл ауданымызда құрылыс саласы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып жатыр. Оның бірі 1 285 918,93 теңге қаржыға салынып жатқан 320 орындық Қарасу ауылындағы қазақ мектебі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан білім ошағының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысанды жоспарланған уақытта аяқтауды көздеген құрылысшылар тыным табар емес. Май зауыты көшесі мен Совхозный көшесінің қиылысындағы құрылыс алаңында қарбаласқан қызу жұмыс. Тас қадаларды жерге басып енгізу, монолит құю және тірек блоктарды құрастыру жұмыстары аяқталып, мектептің іргетасы толық қаланды. Қазір қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары жүріп жатыр.

Құрылыс объектісінде негізгі жұмыстарды өз ісінің мамандары, яғни мердігер мекеме «Алюминстрой» ЖШС жұмыскерлері атқаруда. Құрылысқа жергілікті тұрғындар да тартылған. Әсіресе, мектептің іргетасын қалау кезінде қажетті жұмыс күші жергілікті тұрғындар тарапынан көптеп тартылды. Олар бұл жұмысқа жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданған. Ондағы мақсат – жұмыссыз жүргендерді жұмыспен қамту.

Құрылысқа жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданғандардың бірі – Серік Тлемисов.

-Маусым айынан бастап осында жұмыс істеп жатырмын. Құрылыстағы әртүрлі жұмыстарды атқарам. Нысанның құрылысы аяқталғанға дейін осында жұмыс істеуді ұйғарып отырмын. Жалақысы жақсы, уақытылы төленіп жатыр, – дейді Серік.

Қарасулық Серікқали Каергужаев та мектеп құрылысына атсалысып, нәпақа тауып жүргендердің бірі.

-Құрылыс жұмысы басталғалы бері осында жұмыс істеймін. Басшылық айтқан жұмыстардың бәрін істей береміз. Жұмысқа әбден төселіп алдым. Еңбегімізге сай жалақы алып жатырмыз, – дейді Серікқали.

Құрылысшылардың басты мақсаты – құрылысты сапалы аяқтап, белгіленген мерзімде тапсыру.

– Серік пен Серікқалиға ризамын. Өз жұмыстарына тиянақты, жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындайды. Бізге бұндай жұмыскерлер керек. Жұмыскерлер айлықтарын уақытылы алуда. Құрылыс жұмыстарын сегіз айдың көлемінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Басты мақсат – жауапты жұмыстарды сапалы орындап, елдің алғысына бөлену, – дейді құрылыс объектісінің басшысы Азамат Омаров.

Міне, алдағы уақытта аудан орталығында жаңа мектеп бой көтереді. Осыдан-ақ мемлекет тарапынан білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын бағамдауға болады. Заман талабына сай білім беру сапасын арттыру мәселесі Президент Жолдауындағы басты бағыттардың бірі. Ондағы мақсат – білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құрып, өскелең ұрпақтың білім алуына барынша жағдай жасап, сапалы біліммен қамтамасыз ету.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суретте: мектеп құрылысы барысынан көрініс

Сурет автордікі

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.