Ел игілігіне қызмет етіп жүрген жомар жан Максим Артемук атқарып жатқан істері көпке үлгі

Қарасу ауданынына қарасты Железнодорожное ауылындағы заман талабына сай, теңдесі жоқ үлкен спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

Жалпы алғанда Октябрь ауылдық округіне қарайтын Железнодорожное ауылында еліміздің тарихында нан бағасы 50 теңгеден аспайтын елді мекен ретінде аты қалатыны даусыз. Бұл Қарасу ауданына қарасты шағын ауылдың жаңашылдығы мұнымен бітпейді.

Мәселен, ауылдағы қоғамдық моншаның билет құны 80 теңге, ал жергілікті дүкендердің сөресінде жергілікті жердің өз өндірісінен шыққан ең сапалы ет және сүт өнімдерімен өте қолайлы бағамен сатылып жатады.

Сондай-ақ, тағы бір ешбір жерге ұқсамайтын ерекшелігі Октябрь ауылындағы мектептің озат оқушылары ай сайынғы стипендия алып, , оқу жылы аяқталғаннан кейін көтермелеу ретінде елордаға екі күндік экскурсияға тегін барады.

Мұнда жас мамандарда назардан тыс қалмаған. Оларға арналып барлық жағдайымен қаладан кем емес тұрғын үйлер салынып жатыр. Ал, ауылдық аурухана жөнделіп, жыл сайын заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталуда. Тұрғындар салауатты өмір салтын ұстану үшін спорт нысандары салынып, автокөлік жолдары жөнделуде.

Алақандай ауылдағы ілкімді істерге қарап, таңданасың еркісіз таңдай қағасың. Ауылдағы барлық жақсылықтың басы –қасында жергілікті кәсіпкер тұрғыны Максим Артемук жүр. Нақтырақ айтсақ барлық халық үшін жасалып жатқан игі бастамаларда осы қалталы азаматтың қолтаңбасы бар.

Максим Федорович біздің облыста ғана емес, елімізге танымал меценат. Ел алғысын арқалаған азаматтың қайырымдылық жолындағы еңбегі бірнеше рет жоғары деңгейде атап өтілді.

Нағыз патриот ретінде Максим Федорович өзінің кішкентай Отаны, туған ауылы әрдайым бірінші тұрады. Ол жерлестерінің әлеуметтік әл-ауқаты артыру өзінің азаматтық парызы ретінде көреді.

Оның ел үшін маңызды әлеуметтік жобаларының бірі – ауданы 1440 шаршы метр болатын көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы.

Нысанның іргетасы 2019 жылдың көктемінде қаланды, содан бері жұмыс тоқтаған жоқ. Меценаттың нысанды салуға жұмсаған шығыны шамамен 200 млн теңгені құрайды.

«Жалпы адам баласы қандай биікке көтерілмесін қайдан шыққанын есте сақтау керек. Менің бойымдағы осы қасиет ата-анамның кішкентайдан берген тәрбиесімен бойыма дарыды.

Сондықтан болар мен өзім туып-өскен ауылымды ешбір байлықпен айырбастай алмаймын. Ал, барлық атқарлып жатқан игі істер менің перезенттік парызым болып отыр.

Енді, спрот кешеніне келер болсақ, аталмыш нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Таяу арада ел игілігіне беріледі. Болашақта осы ардан еліміздің үмітін ақтайтын саңлылақтарымыз шықса мен үшін мәртебе», – дейді ауылдың тамырына қан жүгіртіп отырған кәсіпкер Максим Федорович.

Мешіт Ғазизұлы
Суретте; Железнодорожное ауылындағы салынып жатқан жаңа спорт кешені

Редактор

Recent Posts

Карасуляне продолжают оказывать содействие нуждающимся в финансовой помощи семьям школьников

По информации районного отдела образования, на сегодняшний день более трёх сотен школьников удостоены внимания не…

2 дня ago

Карасуляне с большим избирательным стажем проявили активную гражданскую позицию

В числе избирателей, которые на протяжении не одного десятилетия реализуют своё право на выбор, житель…

6 дней ago

Карасуское сельхозпредприятие вышло на финишную уборочную прямую

В ТОО «Талды-К» хлебоуборочные работы проведены на 80% зерноугодий. (далее…)

1 неделя ago

На ремонт стелы и декоративную подсветку в Карасу выделят 9 млн тенге

UPD / Изменение:Редакция допустила неточность в описании локации объектов благоустройства и приносит свои извинения. Как…

1 неделя ago

В Карасуском районе идут работы по сносу заброшенных строений

Данное направление программы благоустройства реализуется во всех сельских округах Карасуского района, где имеются не используемые…

2 недели ago

This website uses cookies.