Октябрьдегі мешітке жайнамаз тарту етілді

Бүгінде ауданымызда мешіті бар елді мекендер саны саусақпен санарлықтай. Солардың бірі – Октябрь ауылындағы «Қарамырза» мешіті. Бұл қасиетті құлшылық үйіне көмек беріп, қолдау көрсетіп тұратын жандар аз емес.

Мешіт – киелі де қасиетті орын болғандықтан, қашанда халықтың жіті назарында. «Қарамырза» мешітінің әлеуметтік-материалдық жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Мұның бәрі мешіт ұжымы және жергілікті халықтың ұйымшылдығы мен ауызбірлігі арқасында іске асып жатыр.

Мәселен, биыл «Қарамырза» мешітінің күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың қолдауымен біршама жұмыстар атқарылды. Айталық, мешіттің 300 шаршы метр болатын шатыры жаңартылды. Оған 1 млн 950 мың теңге қаржы жұмсалды. Бұдан бөлек, Алла үйінің сыртқы әктеліп, ауласы абаттандырылып, мешіт жанындағы асхананың іші-сырты жаңаша түрге енді.

Октябрьлықтар үшін тағы да жағымды жаңалық. Жуырда мешітке жанашырлық танытып, Мадияр Ахметовтың ұрпақтары құлшылық үйіне 120 шаршы метр жайнамаз кілем тарту етті. 135 адамға арналған кілем мешіт ішін көріктендіріп, сән беріп тұр.

Сондай-ақ, Мадияр Ахметовтың ұрпақтары мешітке аят және хадистер жазылған плакат сыйға тартты. Қазір бұл плакат мешіттің сыртында ілініп тұр.

Алла үйіне осындай тартулар жасаған үшін мешіт имамы Серік қажы Салих және мешіт жамағаты риясыз ризашылықтарын білдіреді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.