Октябрь көшелеріне күрделі жөндеу жүріп жатыр

Өңірлерді байланыстыратын күре жолдың да, ауыл-ауылға қатынайтын қара жолдың да жанға жайлы болғаны қандай жақсы. «Жол азабын жүрген біледі» дегендей, Қарасу ауданындағы шешімін күткен күрделі мәселелердің бірегейі автокөлік жолдарының жайы болатын.

Аудан орталығынан шалғай жатқан Октябрь  ауылының тамырына қан жүгіріп, қайта құлпырды деуге болады. Атап айтар болсақ, аталмыш елді мекеннің басты көшелерінде жаңа асфальтбетонды жабынды төсеу басталды.

Бұл ауыл бір кездері аудан орталығы болды дегенге ешкім сенбейтін болар. Өйткені, еліміздің астанасымен байланыстыратын күре жолдың бойында жатқан ауыл арасындағы жолдың тозығы жеткені соншалықты, жұрттың жүріп-тұруына қиындық туғызғатын.

Жауынды-шашынды күндері, көктем мен күз мезгілінде жүргіншілер лай-батпаққа батып, әбден әуре-сарсаңға салынса, жаз айларында сапасы сын көтермейтін жолдан шығатын шаңнан құдды бір тұманның арасында жүргендей күй кешуші еді. Бұндайда көлік тізгінін ұстаған жүргізушілердің шегетін азабымен қоса, темір тұлпарларының да сұрқы қашатын.

Жүргізушілер діттеген жеріне зорға жеткенімен, темір тұлпарының қосалқы бөлшектері сыр беріп, жөндеуден өткізуге тура келетінін жиі естіп келдік. Бұл қалтаға салмақ салып, жүйкеге ши жүгірткендей әсер етері де жасырын емес.

Ал, елді мекендерді бір-бірімен байланыстырып, қыж-қыж қайнаған тынымсыз тіршілікке өшпес нәр беріп жатқан күре жолдардың қадір-қасиетін оның бейнетін тартып жүрген тұрғындардан артық ешкім біле қоймас.

Оның үстіне жолдың сапасы адам төзгісіз болса, шоқырақ аттың үстінде келе жатқандай жайсыз күй кешеріңіз айтпаса да белгілі. Кедір-бұдыры мол сапасыз жолдар көңілге қаяу әкелетін. Әсіресе, ауданның ішіндегі ойдым жолдың салдарынан жолаушылардың зардап шегетіні ешкімге құпия емес.

«Октябрь ауылындағы Калинин көшесін орташа жөндеуге биыл 17 млн 348 мың, 00 теңге бөлінді. Қазіргі таңда «МГА«Дорстрой» ЖШС мердігер ретінде анықталып, 17 млн 348 мың 00 теңгеге келісім-шарт жасалған. Осы ауылындағы Горький көшесінің жолын орташа жөндеугеде 20 млн 092 мың теңге бөлінді. Оныда «МГА»Дорстрой» ЖШС 20 млн 092 мың теңгеге жасалған келімім-шарт аясында жаңартып бермек», -дейді аудандық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлімнің басшысы Әділхан Ахмеров.

Мешіт Ғазизұлы

Суретті түсірген  Октябрь ауылдық округі әкімдігi

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.