Черняев ауылдық округінде ерекше жағажай ашылды

Жаздың шіліңгір ыстығында аудан жұртшылығының көбі түс ауғаннан кеш қарайғанға дейін Қарасу өзені  жағасынан табылады.

Бір тобы өзен жағасына суға түсіп, салқындау үшін барса, енді бірі балық аулау үшін барады.

Ал, ең жиі баратындар – табиғат аясына демалуға шыққандар. Олар сусындары мен тамақтарын алып, сол жерден сірне, кәуаптарын пісіріп, көл жағасында 7-8 сағатқа дейін жатуға бар.

Әрине, демалған жақсы-ау. Алайда, демалушылар қауіпсіздік, тазалық деген талаптарды ескере ме, жағажай мәдениетін қалай қалыптастырамыз? Біздің демалысымыз тек көңілді ғана өтіп қоймай, қауіпсіз, жағажай этикасын сақтайтын, жанға жайлы жағдайда өтуі керек.

Осы орайда Қарасу ауданының Черняев ауылдық округі жұртшылықа үлгі боларлық тың бастаманы қолға алды. Атап айта болсақ жергілікті әкімдік пен “Бірлік-Өмір” ЖШС  бірлесе Қарасу өзенінің жағалауында Черняевкада (Ленино) жергілікті тұрғындардың күшімен тамаша жағажай жасап шықты.

“Жылдағы бір көрініс. Толған күл-қоқыс, шашылған шөлмектер, от жағылған орындар. Қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Суға түсу науқанында қауын-қарбыздың қабығы, мүжілген сүйектер, шемекі қабығы, темекінің тұқылы дейсіз бе бәрін жағажайдан табуға болады.

Енді ауыл тұрғындарының бірілігінің арқасында біздің ауылда тамаша жағажай бар. Сырттан келген қонақтарға ұялмай көрсетуге болады.

Ең бастысы осы табиғат сыйлаған байлығымызды көзіміздің қарашығындай сақтау әрбіріміздің парызымыз» дейді ауыл тұрғыны Вениамин Ермолин.

Жоғарыда аталған тазалық, қауіпсіздік мәселесінің негізгі шешімі – заңды жағажай жасақтау. Ал оған бізде мүмкіндік бар.

«Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, емдік қасиеті, суы, балығы секілді байлығымыздың қадірін білмейтініміз қынжылтады. Тек осы істің көзін тауып, айналдырып әкететін епті кәсіпкер керек. Өзен бойының айналасын қоршап, тазалап қойса, дайын демалыс орны болып шыға келетін жерлер жетерлік.

Содан кейінгі тірлік кәсіпкердің идеясы мен іскерлігіне байланысты. Жағажайға келуді ақылы қылып, түрлі сусындарды салқындатып, кәуап пісіріп, демалушылардың жағдайын жасар болса, ақша өзі келеді. Тіпті шағын тапшандар мен киіз үй құрып, бие байлап, саумал сатуға да болады. Бір қарағанда мұның бәрі жай қиял көрінуі мүмкін. Алайда шындап кірісер жан болса, ақиқатқа айналып шыға келеді. Себебі бұл біріншіден, ауданда жоқ бизнес.

Екіншіден, кәсіпкер боламын деген жанға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау баршылық. Сол мақсатта түрлі бағдарламалар қабылданып, төмен пайызбен несиелер беріліп, кәсіпкерге бұрын-соңды жасалмаған қамқорлық жасалуда.

Үшіншіден, осы бастама шынымен жүзеге асса, демалушылар келмей қалады деп уайымдамайсың. Себебі, сенің жағажайыңнан басқа жерлерге суға түсіп, демалыс ұйымдастыруға заңды түрде тыйым салынады. Сондықтан, дүйім жұрт сенің саудаңды қыздырып, қызметіңді пайдаланады. Міне, осы мүмкіндіктерді пайдаланып, аталмыш бизнес қолға алынса, халыққа да, көлге де пайдасы мол болар еді.

Осындай пайдасы мол ауданымыздың ресурсын назардан тыс шығармай, жағдай жасасақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Заңды жағажай ашылар, ашылмас, бастысы, өзен жағасында демалушылар тәртіп пен тазалыққа аса мұқият қарағаны дұрыс.

Мешіт Ғазизұлы

Суретті түсірген Черняев ауылдық округінің әкімдігі

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.