Наурыз көже қалай дайындалады?

Міне, асыға күткен шуақты көктемнің шырайлы мерекесі – әз- Наурыздың табалдырығымыздан аттайтын сәтіне де аз қалды

Халқымыз үшін бұл мейрам – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Бұл күні күн мен түннің теңеліп, қытымыр қыстан аман шыққан барша дүние жадырап, жаңғыруға бет бұрады.

Наурыз – молшылық, құт-береке мерекесі. Бұл мерекені біз наурыз көжесіз елестете алмаймыз. Молшылық болсын деген ниетпен жасалатын бұл тағам – Наурыз тойында әрбір үйде дайындалуы тиіс. Наурыз мерекесі жақындаған сайын осы дәстүрден айнымай, наурыз көже әзірлейтін әже, апа, келіндер арамызда аз емес. Сондай жандардың бірі қарасулық Сымбат Рахимжанова мерекелік дастарханға арнап наурыз көже және басқа да түрлі ұлттық тағамдарды молынан әзірлеп, алдын ала дайындалуды дәстүрге айналдырған.

Сымбат Алпысқызынан Ұлыстың Ұлы күні наурыз көжені қалай әзірлейтінін сұрап білген едік.

-Наурыз көже– ұлттық тағам. Бұл тағамды әркім әртүрлі дайындайды. Көжеге қосылатын дәмнің түрлерінде жекелеген айырмашылықтар бар. Әрине, әркім қолындағы барына қарайды. Алайда, дәмнің саны жетіге жетуі тиіс. Өйткені біздің халқымыз үшін жеті – киелі сан. Қазақ киелілікке аса мән береді. Осыған сәйкес, мен де наурыз көжеге сүр ет пен қазы, су, дәнді дақылдар (бидай, жүгері, тары), құрт, сүт, мейіз, тұз қосамын. Осылайша, наурыз көже әзірлеймін, – дейді кейіпкеріміз.

Сымбат Алпысқызы Ұлыстың Ұлы күні туралы өз ойын айтып, ізгі тілегін білдірген еді.

-Наурыз – жыл басы! Халқымыз бұл мейрамды Ұлыстың ұлы күніне балап, оны жарқын мерекеге айналдырған. Көктен көпке шапағат төгілген Ұлыстың ұлы күні халқымыз бір-біріне деген өкпе-назды ұмытып, татуласып, үлкендердің ақ батасын алып, ізгі тілек тілеген. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен әз-Наурызды сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қарсы алған. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз шұғылалы көктемдей шуақты болсын, – дейді ол.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

4 дня ago

Сегодня в мире празднуют Международный день электронной книги

О том, как в Карасуском районе, используют альтернативный бумажному формат чтения, рассказывают работники библиотек и…

4 дня ago

В Карасуском районе стартовало ОПМ «Подростковый контроль»

Данная комплексная межведомственная акция направлена на профилактику безнадзорности, правонарушений в подростковой среде и на защиту…

1 неделя ago

This website uses cookies.