«Легион» спорт клубының ашылуына арналған турнир

Октябрь ауылында дзюдодан 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында «Легион» спорт клубының ашылуына орай ашық аудандық турнир болып өтті.

Жарысқа Ақмола облысының Есіл ауданы және Қарасу, Октябрь, Новопавлов ауылдарынан 30-ға тарта балуан қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Сырымбек Жауғашев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Турнирдің басты мақсаты – жасөспірімдер бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, балуандардың шеберліктерін шыңдау және достық қарым-қатынасты нығайту, – дейді жарысты ұйымдастырушылардың бірі Тұрсынғали Мұхаметжанов.

Тартысты бәсеке нәтижесінде 20 келі салмақта сынға түскен Мансұр Наурызбек (Есіл), 23 келіде Думан Қуанышбай (Октябрь), 26 келіде Ермек Ерболат (Новопавлов), 29 келіде Ярослав Тяка (Қарасу), 32 келіде Ярослав Макашин (Октябрь) және 35 келіде Владимир Новокрещенов (Октябрь) жеңіс тұғырнан көрінді.

20 келіде бақ сынаған Данил Недайборщ (Қарасу), 23 келіде Әділхан Асанұлы (Октябрь), 26 келіде Әмірхан Нұғыман (Октябрь), 29 келіде Кирилл Евтюхов (Қарасу), 32 келіде Нариман Жексен (Есіл), 35 келіде Арыс Ахметбек (Есіл) жүлделі екінші орынды еншіледі.

20 келі салмақта белдескен Нұржігіт Калел (Новопавлов), Артём Симбин (Октябрь), 23 келіде Айдос Мақшар (Есіл), Степан Яценко (Есіл), 26 келіде Ерасыл Берікбол (Октябрь), Валерий Вахмянин (Қарасу), 29 келіде Асылболат Сейдағалиев (Есіл), Станислав Раданов (Октябрь), 32 келіде Никита Молчанов (Октябрь), Михаил Носенко (Қарасу), 35 келіде Антон Мутылев (Октябрь), Ерасыл Бердыбай (Новопавловка) қола медальді қанжығалады.

Нұржігіт Калел «Ең жас балуан», Данил Недайборщ «Жеңіске деген жігері үшін» және Богдан Шахтарин «Үздік шеберлігі үшін» номинациясымен марапатталды.

20, 26, 29 келі салмақтары бойынша бетпе-бет сайысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде бірінші орынды жарыс қожайындары, екінші орынды Есіл ауданы, ал үшінші орынды қарасулықтар иеленді.

Жарыс соңында жүлдегерлер мен жеңімпаздар медаль, мадақтама қағазы және кубоктармен марапатталды.

Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттерді ұсынған Тұрсынғали Мұхаметжанов

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)

24 часа ago

В истории деторождения Карасуского района открыта новая страница

Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…

2 дня ago

Карасуское учреждение образования в непогоду приняло российских туристов

Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…

5 дней ago

Имя карасуского врача вошло в почётный трудовой том страны

Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)

1 неделя ago

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.