Аудан экономикасының қай саласында болмасын жетістіктер айқын

Аудан әкімі Виктор Ионенко облыс орталығында өңірлік БАҚ өкілдерімен өткен брифингте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 айдағы қорытындысын баяндап, жиын өткізді.

Үстіміздегі жылда ауданымыздың тұрақты дамып, алға ілгерілеп келе жатқаны қай салада болмасын тайңа таңба басқандай анық көруге болады.

Оның жарқын дәлелі, 2019 жылғы бюджет кірісі 107,70 пайызды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 4,5 млн теңгеге артығымен орындалған.

Өңіршең экономиканың негізгі саласы ауданға тартылған инвестиция ауқымы да айтарлықтай алға шыққан. Ол 1 млрд 178 млн теңгені құрап отыр. Қарасу ауданының қарқынын осы көрсеткіштен бағамдай беруге болады.

Бірақ, 2019 жыл шаруашылықтың негізгі саласы жердің төсін емген аграрлық сектордағы жағдай облыс аумағында мардымсыз болды. Өңірде қамбасын астыққа толтырудан жеке дара көш бастайтын ауданымызда ауу-райының құрғағшылық болуына байланысты егін бітік болмады. Аудандағы 34 ЖШС, 341 шаруа қожалығы 671,5 га алқаптан 620 мың тонна өнім жинап отыр.

Қарасулық диқандардыға техника базасын жаңартуға жылдағыдай айрықша көңіл бөлініп отыр. Олар осы уақытқа дейін 3 млрд теңгеге 81 заманауи техника сатып алған.

Мал шаруашылығында ауыз толтырып айтар жетістіктер бар. Ауданда мал басын цифрландыру үрдісін енгізу сәтті жүзеге асуда. Мәселен, осы жылы аудан аумағында бір ғана “Сыбаға” бағдарламасы арқылы 780 бас ірі қара мал сатып алынған.

Ал, “Еңбек” бағдарламасы шеңберінде қарасулықтар үшін қарастырылған 129 млн теңгенің 95 пайызы игеріліп қойған. А

“Ауданда құрылыс жұмыстарының да қарқын алғанын айта кету керек. Оған жалпы сомасы 1 млрд 817 млн теңге салынды. Тұрғын үй құрылысы 4,3 пайызға өсті. Жол жөндеу жұмыстарына да аз күш салынған жоқ. Биыл облыстық, аудандық, жергілікті маңыздағы 42 шақырым жол жөндеуден өтті. Оған жұмсалған қаржы көлемі – 1млрд 558 мың теңге. Келер жылы Амангелді, Комсомол. Новоселов ауылдарының жолдарын қалпына келтіруге 780 млн теңге қарастылып отыр. Бұған қоса, орталықтандырылған ауыз сумен қамту да сәтті іске асты. 860 млн теңгеге Челгашы ауылына су құбыры орнатылды”, деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, Қарасу, Восток ауылдарында да осындай шаруа биыл қолға алынды Азаматтарды әлеуметтік қорғау аясында, 20 отбасыға тұрақты жәрдемақы төлеу үшін 52 млн теңге жұмсалған. Аудандағы Мекенжайлық әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылған 367 отбасының 328-і мемлекет қолдауына қол жеткізе алды.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған шараларға қарасулық қалталы азаматтар биыл 670 млн бөлген.

Сол арқылы 25 жұмыс орны ашылыпты.

“Біз “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасына енген 5 ауданның біріміз. Осының аясында 5 әлеуетті нысанымыз үшін 500 млн теңге бөлінді. 419 млн теңгеге конкурс жариялап отырмыз, оған мектептер, мәдениет үйлері, аурухана және 66 млн теңгесіне автожол жөнделеді деген жоспар бар”, — дейді аудан әкімі.

Айта кетейік, биыл Қарасу ауданының құрылғанына 80 жыл толған еді.Осылайша торқалы тойын тойлаған ауданда толымды жаңалықтар көп.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

9 часов ago

Карасуские школьники уже сейчас стараются разбираться в непростом мире финансов

Завершился первый этап республиканской олимпиады по финансовой грамотности. (далее…)

2 дня ago

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

4 дня ago

Карасуские сельхозпредприятия и владельцы личных подсобных хозяйств приняли участие в районной осенней ярмарке

Массовое мероприятие объединило животноводческие и растениеводческие хозяйства и рачительных хозяев, выращивающих на приусадебных участках и…

5 дней ago

Қарасуда жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы артқан

Қарасу ауданында жастар мемлекеттік қызметке көптеп келе бастады. (далее…)

7 дней ago

Карасуская пожарная часть №24 обрела современную инфраструктуру и новые возможности для оперативного реагирования

Объект гражданской защиты в селе Карасу прошёл путь масштабной реновации в рамках реализации поручения президента…

1 неделя ago

This website uses cookies.