«Өрт – тілсіз жау». Өрттен келер залал көп. Қарапайым қауіпсіздік шаралардың сақталмауынан қаншама өрт шығып, зардап шегіп қалатын тұстарымыз кездесіп жатады
Сондықтан «әттеген-ай» деп сан соққаннан гөрі, өрттің кесірінен келетін қауіп-қатерді болдырмаудың жолын іздеп, алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. «Сақтансаң, сақтаймын» дейді емес пе?!
Қостанай облысы көлемінде ағымдағы жылдың 16 ақпаны мен 16 наурыз аралығы өрт қауіпсіздігі айлығы болып жарияланды. Біздің ауданда да «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілуде.
Өткен аптада аудан орталығындағы №24 өрт сөндіру бөлімінің аумағында өрт қауіпсіздігі айлығының ашылуы өткізілді. Жиын барысында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу жоспары, өрт қауіпсіздігі ережелерін және карантин режимін сақтау бойынша нұсқаулар берілді.
Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізудегі басты мақсат – өрт қауіпсіздігін сақтау және өрттің шығуына жол бермеу.
-Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында төтенше жағдайлар бөлімі Қарасу және Железнодорожный ауылдарының өрт сөндіру бөлімі, полиция бөлімі қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және еріктілермен бірлесіп, елді мекендерді аралап, тұрғындарға өрт болған жағдайдағы әрекеттер, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, пеш жағу кезіндегі қауіпсіздік шаралары және газ, электр жүйелерін пайдалану туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, – дейді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі бастығының міндетін атқарушы А. Бабенко.
Сондай-ақ, аудан көлеміндегі білім ошақтарында балалардың тентектігінен болатын өрттердің алдын алу мақсатында өртке қарсы кешенді шаралар өткізілуде. Халық арасында өрт қауіпсіздігіне байланысты жазылған естеліктер мен жадынамалар таратылуда. Аталмыш айлық кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына басымдық берілуде.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – баршаға ортақ. Өрттің жаңа тұтанып, енді жана бастағанын байқасаңыз, жедел өрт сөндіру күзеті телефонына «101» немесе құтқару қызметі «112» хабарласыңыз.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретті ұсынған төтенше жағдайлар бөлімі
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.