Халықаралық қарттар күні жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Ильичев орта мектебінде бұл мерекені ешқашан ескерусіз қалдырмайды. Аталған мектеп қарттарымыздың халықаралық төл мерекесін биыл да лайықты әрі өз деңгейінде қарсы алып, қарттарға ерекше құрмет көрсетті.
Мектепте қазыналы қариялардың құрметіне арналған концерт ұйымдастырылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, әннен шашу шашты.
Қарттар өнерлі өрендерді жылы қабылдап, қол шапалақтап, қошеметтерін аямады. 5-11 сынып оқушылары жалғызбасты қариялардың үйлерінің ауласын тазалап, көмек көрсетті.
Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында еңбек етіп, бүгінде құрмет демалысына шыққан зейнеткер мұғалімдер де назардан тыс қалмай, оқушылар оларға қолдан жасаған сыйлықтарын тарту етті.
Өз кезегінде қарттар көрсетілген сый-құрметке дән риза болып, алғыстарын білдірді.
Осылайша, мерелік шара көтеріңкі көңіл-күймен өтті.
-Егде адамдардың мәртебесін жоғары ұстап, оларға сый-құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың басты парыздардың бірі. Қарттардың жүріп өткен өмір жолдары өскелең ұрпаққа үлгі – өнеге. Олардың өмірден көрген-түйгендері көп, елге еңбектері сіңген, тәжірибелері мол жандар, – дейді мектептің география пәнінің мұғалімі Анна Скарбич.
Жаңабай АХМЕТОВ
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.