Спорт – денсаулық кепілі. Бұқаралық спортты дамытуға соңғы жылдары барынша жағдай жасалуда. Бүгінде мемлекет тарапынан жастар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып келеді
Біздің ауданда бұқаралық спортты дамыту, салуатты өмір салтын насихаттау жұмыстары сәтті жүзеге асырылып келеді. Жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, бұқаралық спорт түрлеріне баулу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Соның нәтижесі болар, бүгінде аудан намысын түрлі деңгейдегі жарыстарда абйроймен қорғап жүрген спортшыларымыз да баршылық.
Жақында Октябрь ауылдық округінің Железнодорожный ауылында дзюдодан 2005-5007, 2008-2009, 2010-2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы Серікбай Түкібаевті еске алуға арналған облыстық ашық турнир болып өтті. Жарыс жаңадан салынған «Триумф» спорт кешенінде өткізілді.
Турнирге Қостанай қаласының Динамо, Евразия, Арлан, Сауран командалары, Арқалық, Лисаковск қалалары, Жітіқара, Әулиекөл, Жангелдин, Б.Майлин, Ұзынкөл аудандары, Есіл қаласы және Октябрь ауылдық округінің командасы қатысты.
Спорттық додаға КСРО-ның дзюдодан спорт шебері, олимпиада дәрежесіндегі төреші Евгений Мовчан төрағалық етті.
Турнир тартысты өтті. Спортшылар жоғары дайындықпен келгендерін дәлелдеп, өз белсенділіктерін танытты. Бұл жарысқа қатысқан жерлестеріміздің нәтижесіне тоқталсақ, 38 келі салмақта аудан намысын қорғаған Владимир Новокрещенов турнир чемпионы атанды. 28 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әмірхан Нұғыман жүлделі екінші орынды иеленсе, 25 келідегі Санжар Жанбыршы, 42 келідегі Никита Молчанов және 50 келідегі Дамир Жайсанбаев қола жүлдені місе тұтты.
Бұл жарыстағы жетістіктеріміз дзюдо күресін дамытып жүрген бапкерлеріміздің қажырлы еңбегінің және дзюдошыларымыздың жеңіске деген зор ұмтылысының нәтижесі.
Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы мадақтама қағазы, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңіс тұғырынан көрінер сәттеріміз көп болсын!
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретті ұсынған дене шынықтыру және
спорт бөлімінің бас маманы
Тұрсынғали Мұхаметжанов
Происшествие на дороге с участием габаритного автомобиля «Вольво» под управлением жителя Туркестанской области Розакулова и…
В прениях гособвинитель Нурсеитова назвала смягчающие обстоятельства для водителя большегруза Розакулова, уснувшего за рулём и…
Команда юных спасателей усиленно тренируется перед соревнованиями. (далее…)
Энергетики ТОО «Межрегионэнерготранзит» утверждают, что у карасулян в ближайшее время могут возникнуть новые сложности. (далее…)
Имаму Карасуской мечети вручили ведомственную медаль. (далее…)
Экскурсионное посещение на производство «Кунарлылык» организовано в рамках программы, составленной для проведения Года рабочих профессий.…
This website uses cookies.