Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті
Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Балжақаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында 2021 жылғы өрт қауіпті кезеңдегі табиғи өрттердің алдын алу жөніндегі шаралар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерді, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету, Қарасу ауданының аумағында өртке қарсы сумен жабдықтаудың жай-күйі, 2021 жылғы шомылу маусымында адамдардың қаза болуының алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралар сынды мәселелер қаралды. Аталған тақырыптар төңірегінде төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А. Бабенко баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелеріне, аудан ұйымдарының басшыларына екі қауіпті кезеңнен өтуге байланысты төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін төмендету үшін бірқатар тапсырмалар берілді.
Өз кезегінде бөлім қызметкерлері азаматтарға елді мекендер мен ұйымдардың аумағы өртке қарсы бөліктер шегінде жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, құрғақ шөптен және басқа да жанғыш материалдардан уақтылы тазартылатынын ескертіп, бұндай кезде жол беруге болмайтын жағдайларға тоқталды.
Есіңізде болсын! Азаматтардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті сізден басталады! Өрт болған жағдайда «101» және «112» тегін телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретті ұсынған төтенше жағдайлар бөлімі
В стране отметили Международный олимпийский день. (далее…)
В Костанае прошёл полуфинал III Открытого Кубка «Senat Open» по шахматам среди представителей Костанайской, Павлодарской,…
Қарасулық Мәди Козубаев белсенді өмір салтын ұстанатын еңбекқор жастардың бірі. Биыл Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім…
Совсем скоро в Павловском появится безопасное место для забав и игр (далее…)
Ученик общеобразовательной школы им. Абая в качестве поощрения за активность и успехи в учёбе посетил…
Международный день защиты детей и Всемирный день родителей отпраздновали большой культурно-спортивной программой (далее…)
This website uses cookies.