Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Рахимов халық алдында есеп берді

Өткен аптада Қарасу балалар өнер мектебінде Қарасу АПБ бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Рахимовтың 2019 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Оған мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер, кәсіпкерлер, жалпы жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиын барысында Ерлан Мұхтарұлы полиция бөлімінің жедел-қызметтік іс-әрекетінің 2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы қорытындысын кеңінен баяндады. Ол сөз сөзінде бөлімнің алдына қойылған басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, анықтау және жасөспірімдермен жасалатын қылмыстарды болдырмау, ескерту екендігін атап өтті.

Ерлан Рахимовтың айтуынша, ағымдағы жылдың алты айында тіркелген жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың саны 28,9 пайызға (180 нен 128) төмендеген. Әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін 869 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бірінші жарты жылдықта 2 кісі өлтіру оқиғасы тіркеліп, оның 2-де ашылды. Аудан бойынша 2 жол-көлік апаты тіркеліп, оның салдарынан бір адам қаза тауып, 2 адам әртүрлі жарақаттар алды.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері ауа райы жағдайы, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалыс ережелерін нашар білуі болып табылады.

Жыл басынан бері көлік құралын мас күйде жүргізуіне байланысты 18 факті тіркеліп, құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылған.

Ерлан Мұхтарұлы мас күйінде көлікті басқару – қоғамға қауіпті, ол өзін ғана емес, басқа адамдарды да қатерге тігу екенін қадап айтты.

Сондай-ақ бөлім бастығы жасөспірімдермен жасалатын қылмыстарды болдырмау және ескерту басты назарда екеніне тоқталды. Жарты жылдың ішінде кәмелеттік жасқа толмағандар бойынша 15 комиссия отырысы өтіп, нәтижесінде өздерінің ата-аналық міндеттерін атқармағаны үшін 2 ата-ана жауапқа тартылып, 3 жағдайы төмен отбасы профилактикалық есепке қойылды.

Аудан аумағында қауіпсіздкке үрей туғызушы маңызды проблемалардың бірі – алкогольдік ішімдікті қолдану. Бұл мәселенің алдын алу мақсатында алкогольдік ішімдікке салынған және есірткіге тәуелді тұлғаларды уақытылы медециналық арнайы емдеу-сауықтыру мекемелеріне жіберу болып табылады. Соттың шешіміне сәйкес жыл басынан бері 12 тұлға АЕСМ жіберілді.

Сонымен қатар, Ерлан Рахимов халыққпен жұмыс жасаудың жаңа форматы енгізілгендігін атап кетті. Қарасу АПБ әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында азаматтардың өтінішін жедел шешуге бағытталған «Фронт – офис» орналасқан. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін.

Полиция бөлімінің қызметкерлерімен жасалтын құқық бұзушылықтардың уақытылы  алдын алу мақсаттында сенім телефоны жұмыс жасайды. Заңға қайшы және коррупциялық жағдайлар орын алған жағдайда 21-0-39 сенім телефонына хабарласуыңызға болады.

Баяндаманы аяқтай отырып, АПБ бастығы құқық бұзушылық және қылмыспен күресте алдыға қойылған тапсырмаларды орындауға қажетті барлық шаралар әрі қарай жалғаса беретіндігін айтып өтті.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

1 день ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

2 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.