Қазан айының алғашқы күні – халықаралық қарттар күні. Бұл мереке жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтіледі.

Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бұл мерекені ешқашан ескерусіз қалдырмайды. Аталған орталық ұжымы қарттарымыздың халықаралық төл мерекесін биыл да лайықты әрі өз деңгейінде қарсы алып, қарттарға ерекше құрмет көрсетті.

Қазыналы қариялардың құрметіне арналған мерекелік шара барысында орталықтың директоры Назира Утешева құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді.

– Егде адамдардың мәртебесін жоғары ұстап, оларға сый-құрмет көрсету – біздің алдымыздағы басты парыздардың бірі. Сіздер ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қостыңыздар. Жүріп өткен өмір жолдарыңыз өскелең ұрпаққа үлгі – өнеге. Сіздердің өмірден көрген-түйгендеріңіз көп, елге еңбектеріңіз сіңген, тәжірибелеріңіз мол. Сондықтан ел келешегі үшін еткен еңбектеріңізге мәңгі бас иеміз. Осынау айтулы мерекеде дендеріңізге саулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, қажыр-қайрат тілеймін! Осындай қуанышты сәтте жылма-жыл кездесіп, халқымыздың ыстық ықыласына бөленіп, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер!», – деді директор.

Бұдан кейін орталықтың қоғамдық өміріне араласып, өзінің ұқыптылығымен, белсенділігімен көзге түскен қарияларға грамоталар мен сый-сияпаттар табыс етілді. Атап айтсақ, «Ең жайлы бөлме» номинациясы бойынша №15 бөлмеде тұратын А.Бабенко, И.Радионов, К.Жагипаров, Р.Мұратов, №21 бөлмеде тұратын В.Кравец, Е.Крылов, И.Подшивалов, Н.Маренин және №19 бөлмеде тұратын З.Ноғайбаева, А.Падерова, Л.Шикова марапатталды. «Тағамханаға көмектескені үшін» номинациясы бойынша Т.Францева және М.Гуссер, «Еңбек терапиясына белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша М.Гуссер, А.Гроссу, Е.Крылов, Л.Дрибос, П.Самойлова, Е.Параскив, В.Кравец, А.Федьков, «Орталықтың өміріне белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша Н. Чернякова, «Шахматты жақсы ойнағаны үшін» » номинациясы бойынша В.Хмара және У. Будюкин марапатталды.

Мерекелік шараға Черняев ауылдық мәдениет үйінің «Сударушки» вокальдық тобы арнайы келіп қатысты. Өнер ұжымы әннен шашу шашып, мерекенің көрігін кіргізді.

Көрермендер вокальдық топтың өнерін жылы қабылдап, қол шапалақтап, қошеметтерін аямады.

Өз кезегінде қарттар көрсетілген сый-құрметке дән риза болып, алғыстарын білдірді.

Осылайша, мерелік шара көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.

Айта кетерлігі, «Сударушки» вокальдық тобы да қарттарға ықылас көрсетіп, үлкен торт сыйға тарту етті.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттер автордікі

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының командасы облыстық жазғы спартакиадасында оқ атудан чемпион атанды

Жуырда Қостанай қаласында облыстық XXXIX жазғы спартакиада бағдарламасы аясында оқ атудан жарыс ұйымдастырылды. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданының Жамбыл ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Жуырда Қарасу ауданының Жамбыл ауылында өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. (далее…)

3 дня ago

Қарасу ауданында су айдындарында қауіпсіздік күшейді

Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, полиция бөлімінің мамандарымен бірлесе рейдтік іс-шаралар…

1 неделя ago

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында жергілікті кәсіпкер туған өлкесіне көмегін беруде

«Железнодорожное – АМФ» ЖШС меморандум аясында 2026 жылы Железнодорожный ауылындағы Горький көшесін  өз қаражаты есебінен…

1 неделя ago

В Карасуском районе подвели итоги районного этапа Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026»

Только за последние 7 лет участие в районном этапе республиканского проекта приняли 16 карасуских семей,…

2 недели ago

Қарасуда сыйластық пен сенімді серік еткен ерекше жанұя тұрады

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің кезекті қатысушысы Досқалиевтар отбасы шынайы махаббат – шекарасы жоқ…

2 недели ago

This website uses cookies.