Қарасулық кәсіпкерлер көмекке мұхтаж қарияларға қол ұшын созуда

Қазір еліміздегі қалыптастып отырған жағдай кез келген жанды алңдатпай қоймайтыны анық. Себебі, көзге көрінбейтін індет талай отбасының үрейін алып, тығырыққа тіреп жатқаны жасрын емес.

Оның үсіне қауіпті індеттің көптеп таралуына байланысты еліміз бойынша енгізілген қатаң шаралар қоғамдағы әлжуаз топтардың әлеуметтік мәселелерін қалыңдатып жіберді. Осыны ескерген «Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі»  ММ және  «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының тікелей мұрындық болуымен аудан кәсіпкерлерімен бірлесе отырып кезінде еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек еткен ардагерлерге азық-түлік жиынтығы мен тұртыстық заттар  түрінде  қолдау көрсету бойынша жұмысты қолға алды.

«Қазіргі уақытта ардагерлер мен тыл еңбеккерлері өздерінің жасына және денсаулық жағдайына байланысты коронавирустық инфекцияны жұқтыру бойынша қауіп-қатердің негізгі тобында тұр.

Сондықтан олар жан-жақты қолдауды қажет етеді. Осыған байланысты «Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі», «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы бірлесе отырып,  аудан кәсіпкерлерінің көмегімен зәру жандарға  азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығы түрінде көмек көрсетуді қолға алды.

Қазірі таңда, осынау қатерлі дертті баршамыз бірлесе жеңе алатынымыз даусыз.

Сондықтан, біздің бүгінгі болашағымыз үшін жан аямай еңбек еткен  аға буын өкілдеріне көмек көрсетуге қол үшын созған аудандық атымтай жомарт, кәсіпкер азаматтарды атап өтуіміз керек.

Олар «Серік Диханбаев» ЖК, «Мустафина А.М.»  ЖК  «Универсам»  дүкені, «Бажина Л. Л.»  ЖК,  «Идеал» дүкені, «Макишев А. О.» ЖК «Мини-Маркет» дүкені, «Балабекова С. С.» ЖК «Березка», «Бухаленко В» ЖК «У мостика» дүкені, «Руденко В. В.» ЖК  «Торговый дом» дүкені. «Ускумбаева А. М.» ЖК  «Дана» дүкені»» ,-дейді «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының торағасының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов.

Бұл жолғы аудан бойынша қолға алынған қайырымдылық шарасы ауқымдылығы жағынан ерекше болып тұр. Негізгі көмек  аудандағы ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және жалғыз тұратын зейнеткерлерге көрсетілмек.

Кеше басталған қайырымдылық шарасы барысында К. Видеркер , К.Искаков , А. Каленов , А. Каппасова , Ж. Кужабаев , М.Урюпин,  Г. Букштынова,  Л. Чумак,  А.Орлова ,  А. Мелешкина,  А. Искаков секілді зейнеткерлердің отбасына көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылардың пікіріне сүйенсек, бұл игі бастама осымен тоқтап қалмайды екен. Бұл  бағыттағы жұмыс  алдағы аптада да жалғасатын болады. Осылайша олар аудандағы барлық көмекке зәру қарияларға қол ұшын созбақ.

Меші Ғазизұлы

Суретті түсірген қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар

Редактор

Recent Posts

«Золотой голубь-2025» «приземлился» на карасуской земле

По случаю Всемирного дня почты ежегодную ведомственную конкурсную награду получила представительница Карасуского почтового отделения. (далее…)

3 часа ago

Карасуские профсоюзные лидеры получили награды от Федерации профсоюзов РК

В Костанае прошло торжественное мероприятие по случаю 120-летия профсоюзного казахстанского движения и 35-летия Федерации профсоюзов…

8 часов ago

В Карасуском районе развивается молодое спортивное направление

Знакомство с популярным в последнее время видом спорта грэпплингом у местных ребят состоялось незадолго до…

3 дня ago

В селе Карасу открылась фотостудия «Dream»

Новый вид услуги стал воплощением в жизнь идеи начинающего предпринимателя Мариям Тлемисовой, которая после участия…

3 дня ago

Карасу ауданының Жалғысқан ауылында үш көшенің жолы жөнделді

Жалғысқан ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасымен Юбилейная, Павлов, Рабочая көшелеріндегі авткөлік жолдары жөнделді.…

4 дня ago

В селе Карасу прошло массовое мероприятие по посадке деревьев

Осеннее благоустройство осуществляется в рамках концепции «Таза Казахстан». (далее…)

4 дня ago

This website uses cookies.