42 500 теңге жәрдемақы алуға 1461 адамнан өтініш келіп түсті

Коронавирус – аса қауіпті инфекциялық ауру. Бұл кесел бүкіл әлемге тарап, адамзатқа ортақ мәселеге айналды. Дүниежүзін дүрліктірген жұқпалы вирус көптеген адамның өмірін қыршынан қиюда. Халықты әуре-сарсаңға салған індетке қарсы күрес жүргізіліп жатыр.

Бұл ахуалға байланысты Үкімет тарапынан коронавирус пандемиясына қарсы барлық сақтық шаралары қолға алынуда.

Коронавирус пандемиясының кесірінен туындап отырған жағдайға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы телеарналар арқылы халыққа өз үндеуін жариялады. Ол өз үндеуінде жұқпалы вирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты карантин режиін күшейтуді тапсырды. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілген болатын. Кейін Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты уақытша жұмысынан босатылып, ақысыз еңбек демалысына шығып, басқа да белгілі себептермен кірісін жоғалтқан жандар жоқ емес. Осыны ескерген Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың салдарынан табыстарынан айрылған адамдарға 42 500 көлемінде жәрдемақы төлеуді тапсырған болатын.

Бұл ретте, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, МӘСҚ және жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту бөлімдері бірлесіп жұмыс атқарады. Олар ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, үміткердің әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін тексереді  және төлемді тағайындайды.

Мәселен, соңғы мәліметтер бойынша Қарасу ауданында 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы алуға 1461 адамнан өтініш келіп түскен. Оның 145 өтініші кері қайтарылып, 1270 тұрғынның құжаты мақұлданып, әлеуметтік төлемге қол жеткізді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет интернет желісінен алынды

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.