Қарасудағы маңызды бағыт бойынша жөнделіп жатқан жол жақына ел игілігіне беріледі

Тұрғындарының талай жыл бас ауруына айналған 18 шақырымдық жол күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қазіргі таңда аталмыш бағыттағы күре жолдың құрлыс жұмыстары аяқталуға жақын

«Жол-экономиканың күре тамыры» деген тәмсілді алып қарайтын болсақ, жолсыз ешбір шаруашылықтың өркендеуі мүмкін емес. Ал облыс орталығынан қашықта орналасқан аудандарда тұатын халықтың жүріп тұруы үшін жолдың түзу болуы тіпті маңызды.

Оқушы студенттердің келіп-кетуі, босанатын келіндер мен «басы ауырып балтыры сыздағандарды» ауруханаға дер кезінде жеткізу үшін жолың сайрап жатса тіптен жақсы емес пе? Сол себептен Қарасу ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында біршама елді-мекендердің жолдары мен ауылдарға кіре берістегі көпірлеріне уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу маңызды шаруа.

«Жол азабын жүрген білер» дегендей әсіресе жауын-шашыны мен қарлы бораны түтеген қыс айларында ауылға көлікпен кіріп шығудың көрешегін көрген ауыл тұрғындарына жол мен көпір жөнделсе мәселенің оңтайлы шешімі табылғаны.

Осындай мақсатпен қайта қалпына келтіріліп, күрделі жөндуден өті жатқан «Қарасу-Үлкен Чураковка- Қостанай» тас жолы құрылысының барысымен танысып қайттық. Аудан мен облыс орталығын жалғап жатқан күре жолдың былтыр жиырма бес шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда аудан орталығы Қарасу ауылынан шыға бере 1 шақырымнан 25 шақырымға дейін болатын.

Аталмыш бағыттағы жөндеу жұмыстары биылда жалғасын тапты. Біз барғанда жұмыс қызу жүріп жатыр екен. Жол құрылысын «Көкшетауавтожол» ЖШС шартқа отырып, қолға алған.

«Аудандық маңызы бар КР-КК-2 “Қарасу-Б .Чураковка” , “Новоселовка-Новопавловка-Құсмұрын” 0-6 шақырым  автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеумен  айналысатын мердігер мекеме  “Көкшетауавтодор”ЖШС болып табылады.

Аталған бағыт  бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын техникалық қадағалау жұмыстары “Инжиниринг KZ” ЖШС өткізді .

Қазіргі уақытта бұл бағыттар бойынша  асфальт-бетон жабыны төселді. Жол салу і жұмыстары  аяқталуға жақын», дейді   Қapacy ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әділхан Ахмеров.

Оның айтуына қарағанда, үстіміздегі жылы аталмыш бағыттағы жолдың 25 тен  43 – ші шақырым аралықтары жөнделуде. Оған ел қазынасынан 867 млн 717 мың 44  теңге жұмсалады.

Жол құрылыстары жоспар бойынша қазан айының аяғында аяқталып, қараша айында пайдалануға беріледі. Қазіргі жұмыс қарқынына қарап бұл бағыттағы жолдың жөндеу жұмыстары мерізімінен бұрын аяқталуын аңғару қиын емес.

Ал, мердігердің айтуы бойынша, қазіргі таңда құрылыс материалдары мен жұмысшы күші жеткілікті, сондықтан берілген нысанды уақытында аяқтауға толық мүмкіндік бар. Бір айта кетерлігі, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жергілікті жерден де тұрғындар жұмысқа алған екен. Бұл мердігердің халықты жұмыспен қамтуға қосқан тамшыдай болса да үлесі деп білуіміз керек.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Карасуские профсоюзные лидеры получили награды от Федерации профсоюзов РК

В Костанае прошло торжественное мероприятие по случаю 120-летия профсоюзного казахстанского движения и 35-летия Федерации профсоюзов…

19 минут ago

В Карасуском районе развивается молодое спортивное направление

Знакомство с популярным в последнее время видом спорта грэпплингом у местных ребят состоялось незадолго до…

3 дня ago

В селе Карасу открылась фотостудия «Dream»

Новый вид услуги стал воплощением в жизнь идеи начинающего предпринимателя Мариям Тлемисовой, которая после участия…

3 дня ago

Карасу ауданының Жалғысқан ауылында үш көшенің жолы жөнделді

Жалғысқан ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасымен Юбилейная, Павлов, Рабочая көшелеріндегі авткөлік жолдары жөнделді.…

4 дня ago

В селе Карасу прошло массовое мероприятие по посадке деревьев

Осеннее благоустройство осуществляется в рамках концепции «Таза Казахстан». (далее…)

4 дня ago

Начинающие карасуские стрелки показали отличные результаты

Спортсмены в составе сборной Костанайской области стали бронзовыми призёрами на Кубке РК по пулевой стрельбе.…

6 дней ago

This website uses cookies.