«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде»

Тұмауға қарсы жаппай екпе егу жұмыстары жүріп жатыр

Күз мезгілінде дала қоңырқай тартып, күн суыта бастайды. Аспанды қара бұлт торлап, жаңбыр жауып, жерге күміс моншақ шық түсіп, суық ызғар шарпиды. Күн қысқарып, түн ұзарады. Күн райы бұзылып, ауа температурасы төмендейтін осы мезгілде суық тиіп, ауырып қалу көрсеткіші арта түсетіні белгілі. Әсіресе, тұмау дерті өршитін уақыты қазір. Тұмау – өте жұқпалы ауру. Бұл дерт үлкен-кішіні талғамайды.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді халқымыз. Қазіргі уақытта тұмауға қарсы жаппай екпе науқаны жүріп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы биыл Ресейде шығарылатын «Гриппол» екпесінің 70 000 дозасын сатып алған. Оның 1270 дозасы біздің ауданға тиесілі. Бүгінгі күнге дейін 404 адамға екпе егілді.

Мамандардың айтуынша, медицина қызметкерлері, Д-тіркеудегі пациенттер, жүкті әйелдер, қант диабеті, жүрек-қантамыр және бронхо-өкпе жүйесі, бүйрек ауруларымен диспансерлік тіркеуде тұрған балалар, қарттар үйіндегі адамдар және созылмалы ауруха шалдыққан сырқаттарға тұмауға қарсы екпе тегін салынады.

– Тұмауға қарсы вакцина алу – аурудың алдын алатын бірден-бір жол. Дәрумендерді көп қабылдап, көкөністерді де неғұрлым көп жеген абзал. Бұның бәрі иммунитетімізді жақсарту үшін қажет. Бір мезгіл таза ауада серуендеген де ағзаға пайдалы, – дейді Қарасу аудандық орталық ауруханасының аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мейіргері Илья Пепенжи.

Дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданудың да денсаулыққа пайдасы зор.

«Бас аман болса, бөрік табылады» демекші, денсаулық болса береке, мереке де болады.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет интернет желісінен алынды

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.