505 мың теңге қайтарымсыз грант алғандардың бірі – Октябрь ауылының тұрғыны Анастасия Арыч

«Кәсіп түбі – береке». Бүгінгідей нарық заманында табыстың көзі кәсіпте екеніне көзіміз жетті. Белгілі бір кәсіп түрін қолға алу арқылы нәпақаны айыруға болады.

«Еңбегіне қарай табысы» демекші, ең бастысы, бастаған ісіңді аяғына шейін жеткізу үшін аянбай тер төгу керек. Сонда ғана оңды нәтижеге қол жеткізіп, еңбегіңнің жемісін көруге болады.

Ел экономикасының тірегі – шағын және орта кәсіпкерлік. Бүгінде елімізде кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасалуда. Қазір кәсіппен айналысамын деген жандарға мүмкіндік мол. Бұған себеп, осы саланы дамытуға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар және несиелік жеңілдіктердің берілуі. Нәтижесінде қазір кәсіпкерлік саласының дамуында көш ілгерілеушілік байқалады.

Біздің ауданда да кәсіпкерлікке кең өріс ашылуда. Шағын және орта кәсіпкерлікке ден қойған жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Жас кәсіпкер» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жобаға қатысып, 505 мың теңге қайтарымсыз грант алғандардың бірі – Октябрь ауылының тұрғыны Анастасия Арыч.

Ол алған қаржыға балаларға арналған көшпелі ойын алаңын ашты. Алаңның жұмыс күндері: сенбі, жексенбі. Кіру құны – 1 сағатқа 500 теңге. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 50 пайызға дейін жеңілдік жасалады.

Айта кетерлігі, «Жас кәсіпкер» жобасы – жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба.

«Еңбек адамды қашан да бақытқа бөлейді» деген нақыл сөзді кәсіпкер Анастасия да жете түсінеді. Сондықтан алға қойған мақсаттарына адал еңбегімен жеткісі келеді.

«Қазір елімізде кәсіппен айналысам деген адамға барлық жағдай жасалып отыр. Оның жарқын дәлелі«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Мен осы бағдарламаның шарапатын көрген жандардың бірімін. Өз кәсібімді бастауға мемлекет маған қайтарымсыз қомақты қаражат берді. Соның арқасында білімімді жетілдіріп, осы балалардың көшпелі ойын алаңын ашып отырмын.

Әрине қандайда бір істі бастауда қолдау керек екені түсінікті ғой. Осы орайда Люблин ауылдық округінің әкімі Александр Лемешкоға, жетекші маман Галина Щигель оқу және грант алу кезінде құжаттар рәсімдеу мен көлік ұсынып қолдау көрсеткені үшін алғысымды айтқым келеді.

Себебі, өзім қазір Октябрь ауылының тұрғыны болсамда, туып-өскен жерім Люблин ауылы. Туған жердің қолдауы мен үшін ерекше.

Сонымен қатар, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен жұмыспен қамту орталықтарының мамандары менің арманымды орындауға мүмкіндік берді.

Әрине, менің отбасыма түсіністік пен қолдау үшін рахмет! », – деп ағынан жарылды жас кәсіпкер.

Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп, осы мақсатта көптеген қолдау шаралары жасалып жатыр. Соның арқасында кәсіпкерлікке ден қойып, жеке кәсіппен айналысып жатқандардың қатары жыл санап артып келеді.

Жас кәсіпкер Анастасия Арыч балаларға арналған көшпелі ойын алаңын Люблин ауылында да ашуды жоспарлап отыр екен.

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.