Ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналды

Қарасу орта мектебінде ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қазақ тілі апталығы болып өтті.

Апталықтың басты мақсаты – оқушыларға Абай Құнанбайұлының шығармаларын кеңінен насихаттау, рұхани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Апталық жоспары бойынша ашық сабақтар, сынып сағаттары және дәрістер оқылып, пікір алмасулар өткізілді. Өлең оқудан да байқау өтіп, қабырға газеті шығарылды.

Бұдан бөлек, оқушылар Абай Құнанбайұлының әндерін айтып, өлеңдерін оқыды, қара сөздерінің тәлім-тәрбиелік маңызына бойлады.

Оқушылар апталыққа белсенді қатысты. Апталық қазақ тілінің мәртебесін көтереді деп айтсақ қателеспейміз.

Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі.

Сондықтан егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.