107 шақырымнан астам жол жөнделеді

Аудан аумағындағы ауылдардың көшелері күрделі жөндеуден өтпек

Өңірде көлік коммуникацияларының тиісті деңгейде болу мәселесі басты назарда. Оның үстіне жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті билікке бұл міндеттерді шешуді тапсырған болатын.Осыған сәйкес,Қарасу ауданында аудандық және облыстық маңызы бар 107 шақырымнан астам  жолды жөндеу және қайта жаңарту жоспарланған.

Атап айтар болсақ аудандық маңызы бар «Комсомол» ауылына кіреберіс 14 шақырымдық күре жолды орташа жөндеу жұмыстарына ағымдағы жылы 375 млн 007 мың, 51 теңге бөліпті. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу арқылы «Кокшетауавтодор» ЖШС-мен 337 млн 506 мың 76 теңге сомаға шарт жасалды. Мердігер құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

Тағы бір аудан жұртшылығының басы ауруына айналған жолға биыл жаңартылып, жаңа кейіпке енеді. Ол «Амангелді» ауылына кіреберіс 5,2  шақырымдық күре жол. Аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарына ағымдағы жылы  қазынадан 139 млн 924 мың, 98 теңге бөлінді.  Қазіргі уақытта «Кокшетауавтодор» ЖШС  аталмыш жолды жаңалауға 125 млн 932 мың 48 теңге келісім-шарт жасалды.

Ауданды облыс орталығымен байланыстыратын «Қарасу-Үлкен Чураковка»  және «Новоселовка-Новопавловка-Құсмұрын» бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолының 0-6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге биыл 202 млн 225 мың, 19 теңге бөлінген болатын. «Кокшетауавтодор» ЖШС  201 млн 600 мың 00 теңгеге аталмыш тозығы жеткен жолды жаңалу үшін келісім-шарт жасалды.

Оның 6 аудан орталығындағы жолдар жөнделеді. Сонымен қатар облыстың барлық өңірінде кентішілік жолдарды жаңарту көзделген. Аймақта жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5626 шақырымды құрайды. Оның 2661 шақырымы облыстық, 3 мыңға жуық шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

«Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын бюджет есебінен жол жөндеу жұмыстарына қомақты қаражат  қарастырылады. Оның ішінде жол салу, қайта жаңарту және күрделі,  сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Барлығы республикалық және облыстық бюджеттен 717 млн 157 мың 67 теңге бөлінді. Келісім шарт сомасы 665 млн 039 мың 23 теңгені құрады. Осы жол учаскелері бойынша 52 млн 118 мың 44 теңге үнемделді», – дейді аудандық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлімнің басшысы Әділхан Ахмеров.

Осы орайда биыл аудан аумағындағы ауыл ішілік жолдарға жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізу жопарланып отыр.

Мәселен, Октябрь ауылындағы Калинин көшесін орташа жөндеуге биыл 17 млн 348 мың, 00 теңге бөлінді. Қазіргі таңда «МГА«Дорстрой» ЖШС мердігер ретінде анықталып,  17 млн 348 мың 00 теңгеге келісім-шарт жасалған. Осы ауылындағы Горький көшесінің жолын орташа жөндеугеде 20 млн 092 мың теңге бөлінді. Оныда «МГА»Дорстрой» ЖШС 20 млн 092 мың теңгеге жасалған келімім-шарт аясында жаңартып бермек.

Тағы бір айта кетер жайт, Октябрь ауылымен қатар  Қойбағор ауының көшелеріде биыл жөндеуден өтпек. Аталмыш елдімекендегі Кооперативная көшесінің жолын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 37 млн 811 мың 53 теңге бөлінді.  Осы ауылдағы Клубная көшесінің жолын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 35 млн 543 мың 05 теңге бөлінді. Қазіргі таңда қос кшені жөндейтін мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланды. Нәтижесі мамыр айының басында белгілі болмақ.

Оның сыртында Железнодорожное ауылындағы Воронежская көшесінің жолын орташа жөндеу мақсатында облыстық бюджеттен 49 млн 001 мың 93 теңге бөлінді.Бұл арада да мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланды. Нәтижесі мамыр айының басында белгілі болмақ. Ауданға қатысты ауылдардың көшелерін жөндеуге бюджеттен барлығы 159 млн. 866 мың 51 теңге бөлінгендігін айта кеткен жөн.

Үстіміздегі жылы Балкашино – Шантөбе бағыты мен Жаңа Колутон – Азат – Минск жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ Ақкөл-Журавлевка, Қонысбай – Сейфуллин – Қызылсая елді мекендерінің арасындағы жолдар жаңартылады.

Аудандағы облыстық маңызы бар тас жолдарда назардан тыс қалмайтын болып отыр

«Қарасу-Үлкен Чураковка бағытындағы жолдың 25 тен 43 шақырымын, нақты атқанда 18 шақырым автомобиль жолындағы жасанды құрылғыларды жөндеумен орташа жөндеу жұмыстарына 964 млн 130 мың, 49 теңге бөлінді. «Кокшетауавтодор» ЖШС  867 млн 717 мың 44 теңге  шарт жасалды.

Тағы бір күр жол «Қойбағор Қарасу Севастопаль» 83-тен 124 шақырымы аралығы. Бұл жерде жалпы ұзындық 41 шақырым автомобиль жолындағы жасанды құрылыстарды жөндеумен орташа жөндеу жұмыстарына 1 миллл 813 млн 791 мың, 13 теңге бөлінді.  Мердігер ретінде «Кокшетауавтодор» ЖШС  1 милл 632 млн 412 мың 02 теңге келісім-шарт жасалды.

Аталған жобалар бойынша республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд 777 млн, 911 мың, 63 теңге бөлінді.2 млрд. 500 млн., 129, 46 теңге келісім-шарттар жасалды Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында 277 млн.792 мың, 16 теңге үнемделді», дейді . аудандық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлімнің басшысы Әділхан Ахмеров.

Аудандағы тағы бір маңызды құрылыс нысаны Әулиекөл ауданының Құсмұрын станциясынан Қарасу ауданының Новопавловка ауылына дейінгі бірлескен жоба болып отыр. Құсмұрын станциясынан Новопавловка ауылына  апаратын 18шақырым  аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге 679 млн 487 мың теңге бөлінген болатын. Мердігер ретінде «Вакхстрой» ЖШС танылып 632 млн 743 мың 10 теңгеге шарт жасалды. Аталған жоба бойынша республикалық және облыстық бюджеттен 679 млн, 487 мың теңге бөлінді. Келісім шарт 632 млн, 743 мың, 10 теңге сомаға жасалды. Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында  46 млн.743 мың, 90 теңге үнемделген.

Жалпы биыл Қарасу ауданының аумағында автомобиль жолдарын орташа жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 4 млрд. 334 млн.432 теңге бөлініп отыр.  Барлық бекітілген келісім-шарттар бойынша жұмыстарды орындау мерзімі 2020 жылдың қазан айының соңына дейін көрсетілген.

Мешіт Ғазизұлы

Суретті түсірген: аудандық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлімн

Редактор

Recent Posts

Прославленный артист Абдибек Божаков отметил 70-летний юбилей

Свою карьеру он начинал именно в Карасуском районе (далее…)

2 дня ago

В Карасуском районе продолжается реализация программы «Ауыл – Ел Бесігі»

В рамках государственной программы реализованы сразу несколько значимых проектов (далее…)

1 неделя ago

Карасуские самодеятельные артисты продемонстрировали своё мастерство

В регионе прошёл XXXVII областной фестиваль-конкурс народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!» (далее…)

1 неделя ago

Маршрут Карасу-Восток вновь стал действующим

Между райцентром и близлежащим селом опять ходит рейсовый автобус. (далее…)

2 недели ago

1/6 часть в областном зерновом каравае принадлежит карасуским аграриям

Сельхозформирования Костанайского региона официально завершили уборку зерновых культур. (далее…)

3 недели ago

Встречей-признательностью отметили День тренера карасуские спортсмены

В библиотечной гостиной прошла встреча ветеранов спорта и младой спортивной поросли. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.