Бірлік пен ынтымақ мерекесі
Қазақ – жаны жайсаң, ақкөңіл, қонақжай, жомарт жүректі халық. Кішіпейілдігіміз бен қонақжайлығымыз ежелден қанымызға сіңген қасиет десе де болады. Халқымыз қонақ десе ішкен асын жерге қойып, қонақ күтуге ерекше мән берген. Ал бойымыздағы кеңпейіл, бауырмал, мейірімді, қайырымды болу секілді ізгі қасиеттеріміз тіптен бір бөлек әңгіме.
Иә, дархан көңілді, бауырмал халықпыз. Қазақ тағдырдың қатал тәлкегіне ұшырап, әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерінің бәрін жатсынбай бауырына баса білді. Қиын кезеңде төрімізден орын беріп, ішер асымызбен бөлісіп, кеңпейілдік таныта алдық.
Өткен тарихқа көз жүргіртсек, халқымыздың басынан небір қиын-қыстау кезеңдер өтті. Бүкілодақтық жаппай науқанға айналған 1937-38 жылғы саяси қуғын-сүргін белең алған уақытта «халық жауы» деген жаламен қаншама басқа ұлттың перзенттері туған жер топырағынан еріксіз Қазақстанға жер аударылып келді. Сұм соғыс жалмаған 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы жылдары және одан кейінгі уақыттарда қазақ даласына өзге ұлт өкілдерін күштеп қоныстандыру саясаты жүзгізілді. Тарихта өзіміздің ортамыз ойсырап қалған қиын-қыстау кезеңдер де болды. Кеңес үкіметінің озбырлық саясаты сипат алып, күштеп ұжымдастырудың белең алған жылдары миллиондаған қазақ туған жерден тыс жерге көшіп кетті. Небір қиыншылықтарды, аштықты да, жалаңаштықты да бастан кештік. Бірақ, халқымыз басқа түскен қиыншылықтарды төзімділікпен, болашаққа деген сеніммен жеңіп, еңсесін биік ұстай білді. 1954-1960 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру заманы басталған тұста елімізге Кеңес одағының әр аймақтарынан еңбек адамдары ағылып келе бастады. Бұдан да басқа тарихи, саяси және шаруашылық себептерге байланысты Қазақстан жеріне қоныс аударылып келгендер саны қаншама.
Міне, осылайша қаймағы бұзылмаған қазақ жері бір тудың астына 140-тан астам ұлт пен ұлыс мекендеген көпұлтты мемлекетке айналды. Ата-бабамыздың өзге халықтарды бауырға басқан төзімшіл, толерантты мінез-құлқы бізге мұра болып, атадан-балаға мирас болып келеді. Оған баршамыз куәміз.
Баршамызға белгілі, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке көпұлтты еліміздің бірлігі мен достығын бейнелейтін жарқын мерекеге айналған.
1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Сондықтан да Қазақстан халқы үшін бұл мерекенің маңыздылығы артып, ынтымақ-бірліктің символы болды.
Еліміз біртұтас мемлекетке айналды. Алдымыздан шыққан сын сағаттардан сүрінбей өтіп, еңселі елге айналдық. Жылдан-жылға еліміз өсіп-өркендеп, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Ең бастысы, егемен елімізді мекендеген 140-тан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір кешіп келеді.
Бір шаңырақ астында достығы мен өзара түсіністігі, ауызбіршілігі мен қарапайым сыйластығы үстемдік құрған жерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді. Дана халқымыз бұл сөзді бекер айтпаса керек. Ұлттар арасында татулық пен ынтымақ бар жерде береке-бірлік болады. Қашанда осы ынтымағымыз ажырамай, бірлігіміз мәңгі жасай берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет газеттің мұрағатынан алынды
Елімізде жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Қазақтың төл аспабын дәріптеуге…
Начато строительство системы водоснабжения в селе Павловское Жамбылского сельского округа. (далее…)
В очередной раз карасуляне отличились в мини-футболе, продемонстрировав технически грамотную игру и сыгранность членов команды,…
Семинар-тренинг прошёл в городе Косшы Акмолинской области, куда съехались представители Молодёжных ресурсных центров из всех…
Биыл ауыл ішіндегі төрт көшенің жолы орташа жөнделетін болды. Оған облыстық бюджеттен 169 млн теңге…
Биыл ауыл ішіндегі төрт көшенің жолы орташа жөнделетін болды. Оған облыстық бюджеттен 169 млн теңге…
This website uses cookies.