Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды

Бүкіл әлемге таралған коронавирус індеті жайлы қоғамда жиі айтылып, талқыланып жүр. Әлемдік проблемаға айналған қауіпті дертпен күрес жалғасып жатыр.

Баршамызға аян, елімізде аталған жұқпалы вирустың алдын алу мақсатында 16 науырыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланған болаты. Қалың жұртшылық төтенше жағдай талаптарын сақтап, әркім өзін-өзі оқшаулады. Осындай қиын кезеңде кейбір азаматтар жұмысынан уақытша шеттетіліп, табыс көзінен айырылып қалғаны жасырын емес. Мұндай жағдай халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізері анық.

Әрине, бұндай күрделі мәселе мемлекеттің қолдауымен ғана шешіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған үндеуінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға жәрдемақы төленетінін мәлімдеген болатын. Осыған сәйкес, бүгінде уақытша жұмыссыз қалған қазақстандықтарға 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы төленіп жатыр.

Күні кеше ғана коронавирус пандемиясының кесірінен туындап отырған жағдайға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа маңызды мәлімдеме жасады. Ол өз мәлімдемесінде коронавирус дертіне байланысты туындап отырған еліміздегі ахуалға тоқталып, енді нақты қандай шаралар қолға алынып, жүзеге асатыны туралы баяндап берген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссиясың ұсыныстарын негізге ала отырып, төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Мемлекет басшысының мәлімдемесінде айтылғандай, Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді.

– Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет. Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын. Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады. Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды. Бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі керек. Бірақ барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізіп тұру қажет. Күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн. Кәсіпорын басшыларына және жергілікті атқару органдарына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бұл орайда барлық деңгейдегі әкімдіктердің рөлі айтарлықтай артады, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Ел Президенті өз сөзінде айтқандай, басты міндет – азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу. Сондықтан төтенше жағдай режимі талап етіп отырған тәртіпті қатаң сақтауымыз керек.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет интернет желісінен алынды

Редактор

Recent Posts

Карасуляне продолжают оказывать содействие нуждающимся в финансовой помощи семьям школьников

По информации районного отдела образования, на сегодняшний день более трёх сотен школьников удостоены внимания не…

2 дня ago

Карасуляне с большим избирательным стажем проявили активную гражданскую позицию

В числе избирателей, которые на протяжении не одного десятилетия реализуют своё право на выбор, житель…

6 дней ago

Карасуское сельхозпредприятие вышло на финишную уборочную прямую

В ТОО «Талды-К» хлебоуборочные работы проведены на 80% зерноугодий. (далее…)

1 неделя ago

На ремонт стелы и декоративную подсветку в Карасу выделят 9 млн тенге

UPD / Изменение:Редакция допустила неточность в описании локации объектов благоустройства и приносит свои извинения. Как…

1 неделя ago

В Карасуском районе идут работы по сносу заброшенных строений

Данное направление программы благоустройства реализуется во всех сельских округах Карасуского района, где имеются не используемые…

2 недели ago

This website uses cookies.