Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім министрлігі, «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен Парламент депутаттарының қатысуымен «IV Ұлттық премия» марапаттау рәсімі болып өтті. Қуаныштысы сол, марапатқа ие болғандар қатарында біздің де жерлестеріміз болды. Айталық, Ключевой орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мейрамкүл Тұяққызы Карбузова «Қ.И. Сәтбаевтың орденімен» және бастауыш сынып мұғалімі Сайранкүл Тұяққызы Карбузова «Алтын қанат» медалімен марапатталып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Осылайша жерлестеріміз аудан абыройын асқақтатып, мерейін үстем етті.
Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру және мәртебелерін жоғарылату мақсатында ұйымдастырылған байқауға республика көлемінде 5126 ұстаздардың ғылыми шығармашылық, әдістемелік бағыттағы жұмыс нәтижелері қаралып, соның 277-сі іріктеуден өтіп, «Көшбасшы педагог-2019» атағын иеленді. Байқауға тек 15 жылдан кем емес еңбек өтілі бар ұстаздар ғана қатысуға мүмкіндік алған болатын.
Осындай іс-шаралар ұстаздардың еңбегінің еленуіне, бағалануына мүмкіндік беріп, шығармашылығына қанат бітіретіні айдан анық.
Ұстаздарымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Бағындырар белестеріңіз көп болсын!
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретті ұсынған білім беру бөлімі
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.