Жол – тіршілік тамыры

Кез келген елдің өсіп-өркендеп, дамуында автокөлік жолдарының алар орын ерекше. Жол – бір елді мекенді екіншісімен байланыстырып тұрған алтын көпір іспеттес.

Темір тұлпарды тізгіндеген жандар үшін тас жолдың ойқы-шойқы болғаны азаптың азабы. Біріншіден, шұрық-тесік жолдармен жүріп өту көлікке зиян келтірсе, екіншіден, уақытқа тежеу. Сондықтан да, автокөлік жолдарының тегіс, сапалы, әрі шұңқырсыз болуы өте маңызды.

Десек те, ескі жолдарды қалпына келтіріп, жөндеу мәселесі «жабулы қазан» күйінде жатқан жоқ. Жыл сайын бұл бағыттағы жұмыстарға қомақты қаржы бөлініп, жолдарға жаңа асфальт төселіп жатыр.

Біздің ауданда да жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл осы салада жүйелі жұмыстар жүргізіліп, жалпы 42 шақырым жол жөнделді. Оған бөлiнген қаржы соммасы – 1 млрд 558 мың теңге.

Мәселен, биыл «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік жобасы аясында аудан орталығындағы А. Исаков, Рамазанов көшелері және Маслозаводская, Молодежный тұйық көшелерінің жолдары орта жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Октябрь – Шолақашы ауылдары бағытындағы жолдың 4  шақырымы жөнделді. Аудандық маңызы бар Қойбағар-Қарасу-Симферополь тас жолы бойындағы Жамбыл ауылына кірме жолдың 7 шақырымы жөндеуден өтіп, екі жылға жоспарланған жоба толық аяқталды. «Қойбағар-Қарасу-Севастополь» автокөлік жолының 21 шақырымы орташа жөндеуден өтіп, Қарасу ауылына кірме жолдың да (3,7 км) жөндеу жұмыстары қолға алынды.

Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар Қарасу-Большая Чураковка автокөлік жолының 0-25 шақырым ұзақтығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алдағы жылы да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ. Айталық, келер жылы Амангелді, Комсомол және Новоселов ауылдарының жолдарын жөнеу жұмыстары қолға алынады. Бұл iске 780 млн теңге қаржы жұмсалмақ.

– Ауданға  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 500 млн теңге қаржы бөлінді. 419 млн теңгеге конкурс жарияладық. Оған мектептер, мәдениет үйлері, аурухана және 66 млн теңгені жол жөндеу жұмыстарына бағыттауды жоспарлап отырмыз, – деді облыс орталығында өңірлік БАҚ өкілдерімен өткен брифингте аудан әкімі Виктор Ионенко.

Міне, осылайша көненің көзіндей болған ескі жолдардың мәселесі біртіндеп бүгінде дұрыс шешімін тауып келеді. Бұл iске бөлiнген қаржы да қомақты, атқарылар жұмыс та аз емес.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет газеттің мұрағатынан алынды

Редактор

Recent Posts

Карасуские школьники провели новый сезон приключений и познаний

Палаточный стан «Экспедиция» стал ярким досуговым дополнением к уже действующим проектам на базе Железнодорожной школы.…

2 дня ago

Карасуский район стал средоточием для любителей шахматных поединков

Это знаменательное событие проведено по инициативе семьи Турсуновых, которые организовали шахматный турнир как дань памяти…

3 дня ago

Подведены итоги серии районных мероприятий, посвящённых Дню домбры

Напомним, уникальный культпроект стартовал 5 июня во всех городах и районах области. (далее…)

4 дня ago

Члены семьи Танкеновых из села Ленино называют себя командой

Участников республиканского проекта связывают не только родственные узы, но и общее увлечение. (далее…)

4 дня ago

В Карасуском районе ещё одним досуговым местом стало больше

В селе Павловское состоялось открытие спортивно-игровой площадки. (далее…)

5 дней ago

Сразу 6 подучётных Карасуского района попали под амнистию

В районной Службе пробации пояснили, что проведение уголовной и административной амнистии инициировано президентом страны в…

3 недели ago

This website uses cookies.