Жол азабын жүрген білер

Тұрғындарының талай жыл бас ауруына айналған 18 шақырымдықжол күрделі жөндеуден өтеді. «Жол-экономиканың күре тамыры» деген тәмсілді алып қарайтын болсақ, жолсыз ешбір шаруашылықтың өркендеуі мүмкін емес. Ал облыс орталығынан қашықта орналасқан аудандарда тұатын халықтың жүріп тұруы үшін жолдың түзу болуы тіпті маңызды.

Оқушы студенттердің келіп-кетуі, босанатын келіндер мен «басы ауырып балтыры сыздағандарды» ауруханаға дер кезінде жеткізу үшін жолың сайрап жатса тіптен жақсы емес пе? Сол себептен Қарасу ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында біршама елді-мекендердің жолдары мен ауылдарға кіре берістегі көпірлеріне уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу маңызды шаруа.

«Жол азабын жүрген білер» дегендей әсіресе жауын-шашыны мен қарлы бораны түтеген қыс айларында ауылға көлікпен кіріп шығудың көрешегін көрген ауыл тұрғындарына жол мен көпір жөнделсе мәселенің оңтайлы шешімі табылғаны.

Осындай мақсатпен 2015 жылдан бастап   қайта қалпына келтіріліп, күрделі жөндуден өтіп  жатқан «Қарасу-Үлкен Чураковка- Қостанай» тас жолы құрылысының барысымен танысып қайттық. Аудан мен облыс орталығын жалғап жатқан күре жолдың былтыр жиырма бес  шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда аудан орталығы Қарасу ауылынан шыға бере 1 шақырымнан 25 шақырымға дейін болатын.

Аталмыш бағыттағы жөндеу жұмыстары биылда жалғасын табуда. Біз барғанда жұмыс қызу жүріп жатыр екен. Жол құрылысын «Көкшетауавтожол» ЖШС шартқа отырып, қолға алған.

Осы орайда кезекті кезекті 18 шақырымдық жолды жаңарту жұмыстарының алғаш басталған сәтінде «Қapacy ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әділхан Ахмеров осы арадан кездестіріп,  әңгімелестік. Оның айтуына қарағанда, үстіміздегі жылы аталмыш бағыттағы жолдың 25 тен   43 – ші шақырым аралықтары жөнделмек. Оған ел қазынасынан 867 млн 717 мың 44  теңге жұмсалады.

Жол құрылыстары жоспар бойынша қазан айының аяғында аяқталып, қараша айында пайдалануға берілуі керек.

Ал, мердігердің айтуы бойынша, қазіргі таңда  құрылыс материалдары мен жұмысшы күші жеткілікті, сондықтан берілген нысанды уақытында аяқтауға толық мүмкіндік бар. Бір айта кетерлігі, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жергілікті жерден де тұрғындар жұмысқа алған екен. Бұл мердігердің халықты жұмыспен қамтуға қосқан тамшыдай болса да үлесі деп білуіміз керек.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

3 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

3 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.