Желесіміз Есімхан Токубаев Абай әнінің ұлттық ерекшелігін танытқан орындау шеберлігі үшін «Ұлағат» атаулы жүлдесімен марапатталады

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры да ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен әуесқой әншілерге арналған “Абай әндері” онлайн байқауын өткізді

Аталмыш байқауда бақ сынау үшін орындаушылар ақынның өзіне ұнайтын туындысын торындап, оны видеоға түсіріп, жолдау керек болды.

Байқаудың Ұйымдастыру комитетіне 6-жастан 72-жасқа дейінгі отандастарымыздан 70-тен астам өтініш келіп түскен. Олардың арасында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Қызылорда, Ақтөбе, Жаңаөзен, Екібастұз, Арқалық, Талдықорған, Тараз, Қызылорда және Түркістан облыстарының талантты тұрғындары табылды. Өтініш тіпті Моңғолиядан келген.

Бұл байқаудың ерекшелігі – онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтауға көрермендердің тікелей қатысты. Сайыс жеке және ансамбльдік өнер бойынша екі номинация бойынша өтті.

«Жеке орындау» номинациясындағы жеңімпаздар төрт буынның арасында анықталды:

«Абайдың 175 жылдығына орай 2020 жылы шығармашылық ұжым әр түрлі және қызықты бағдарламар дайындады.

Мерейтой аясында ТҮРКСОЙ елдері өкілдерінің қатысуымен «Абай әлемі» халықаралық фестивалін өткізу жоспарланған болатын. Алайда, пандемияға байланысты кейбір іс-шаралардан бас тартуға тура келді, кейбіреулері кейінге қалдырылды, ал көбісі онлайн режимінде өткізілді.

Осындай жобалардың бірі, әр түрлі жастағы санаттағы кәсіби емес орындаушылар арасындағы «Абай әндері» онлайн байқауы болды. Байқау жеңімпаздарының 10 тамызда, ақынның туған күні мен жаңа мереке «Абай күні» деп жариялануы символикалық мағынаға ие”, – дейді Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Ая Қалиева.

Аталмыш байрақты бәсекеде аудан тұрмақ облыстың намыс қорған Қарасу аудандық «Достық» мәдениет үйнің қызметкері Есімхан Токубаев Абай әнінің ұлттық ерекшелігін танытқан орындау шеберлігі үшін «Ұлағат» атаулы жүлдесімен марапатталады

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

При Карасуской мечети «КӨШКІНБАЙ БАЙҒАБЫЛҰЛЫ» создали «Аталар мектебі»

Старшее поколение намерено передавать жизненный опыт молодому поколению и делиться мудростью. (далее…)

4 часа ago

Қарасу тұрғындары ауқымды экологиялық бағдарламаға үн қосты

6-сәуірде облыс аумағында екі айға жалғасатын көктемгі санитарлық тазалау іс-шарасы ресми түрде бастау алды.…

7 дней ago

В Карасуском районе общественная организация приступила к реализации социальных проектов

ОФ «Жанашыр бол» начата проектная работа по двум важным идеологическим линиям. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе продолжает работать клуб коллаборации «Терапия искусства»

Третий год во встрече-выставке принимают участие не только креативные педагоги учебных заведений региона, но и…

2 недели ago

Житель Карасуского района привлечен к уголовной ответственности за дропперство

Завершено расследование по факту участия в преступной схеме по выводу денежных средств, полученных незаконным путём.…

2 недели ago

This website uses cookies.