Жауапкершілік жүгін арқалап…

Өз өмірін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолына арнаған полиция аға лейтенанты Ернар Досов

Күні-түні қоғамдық тәртіпті қадағалап, қылмыстың бетін ашып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген жандар жетерлік.

Солардың бірі – полиция аға лейтенанты Ернар Досов.

Жаста болса, алдына биік мақсат қоя білген Ернармен жақында арнайы кездесіп, аз-кем әңгімелескен едік.

Ернар Ерланұлы 1994 жылы Амангелді ауданында дүние келген. Ол полиция қызметкері болуды мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап армандапты.

Сондықтан болар, жастайынан осы салаға қызығушылық танытып өсті. Осылай асыл арманның жетегінде жүріп, үлкен мақсаттарға жетуді аңсаған Ернар 2012 жылы мектепті тәмамдаған соң, білімді маман атану үшін Қарағанды қаласына аттанады. Арман қуған жас өзінің қалаған мамандығы бойынша Қарағандыдағы полиция академиясына «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түседі. Аталған оқу орнын 2016 жылы ойдағыдай тәмамдап, жоғарғы білім алып шығады.

Сөйтіп, өз өмірін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолына арнауды мақсаты еткен ол еңбек жолын Арқалық қаласы полиция басқармасында жедел уәкіл болып бастайды. Мұнда жұмыс істеген 3 жылдың ішінде ол ішкі істер саласының қаншалықты маңызды екенін түсініп, күн сайын жаңа нәрсені үйренуге асық болып, тәжірибе жинақтады. Теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, тәртіп пен шыдамдылыққа үйренді. Бұл оның өзіне деген сенімділігін барынша арттырып, үлкен белестерге жетеледі.

Ернар қазіргі таңда Қарасу аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкіл болып жұмыс істейді.

Өз ісіне тиянақты, асқан жауапкершілікпен қарайды. Жаста болса, білікті маман ретінде танылып үлгерген Ернардың бір күндік жұмысымен танысқан едік.

– Жұмысқа таңғы сағат 7.30-да келем. Одан кейін кезекші бөлімнен қару алып, сағат 7.45 сапқа тұрамыз. Онда бүгінгі істейтің жұмыстарымызды айтып, тапсырмалар береді. Сыртқы келбетімізді тексереді. Жаңа заң шыққан болса, оны да түсіндіреді. Бұдан бөлек, жетекшілік ететін орынбасарға кіріп, бір күндік жұмыс жоспарымызды құрамыз. Келіп түскен арыз-шағымдар бойынша жедел жұмыс істейміз. Қылмыс болған жерге барып, тергеу жұмыстарын жүргіземіз. Осындай қимыл үстінде, жедел шешімдер мен әрекеттерге барамыз. Жұмыс күні аяқталған соң, қызметтік қаруды тапсырамыз. Уақытымның көп бөлігі жұмыста өтеді. Жұмысым өзіме ұнайды. Тәртіп сақшысы болу – менің жүрек қалауым, – дейді Ернар Ерланұлы.

Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттер автордікі

Редактор

Recent Posts

Карасуские профсоюзные лидеры получили награды от Федерации профсоюзов РК

В Костанае прошло торжественное мероприятие по случаю 120-летия профсоюзного казахстанского движения и 35-летия Федерации профсоюзов…

10 минут ago

В Карасуском районе развивается молодое спортивное направление

Знакомство с популярным в последнее время видом спорта грэпплингом у местных ребят состоялось незадолго до…

3 дня ago

В селе Карасу открылась фотостудия «Dream»

Новый вид услуги стал воплощением в жизнь идеи начинающего предпринимателя Мариям Тлемисовой, которая после участия…

3 дня ago

Карасу ауданының Жалғысқан ауылында үш көшенің жолы жөнделді

Жалғысқан ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасымен Юбилейная, Павлов, Рабочая көшелеріндегі авткөлік жолдары жөнделді.…

4 дня ago

В селе Карасу прошло массовое мероприятие по посадке деревьев

Осеннее благоустройство осуществляется в рамках концепции «Таза Казахстан». (далее…)

4 дня ago

Начинающие карасуские стрелки показали отличные результаты

Спортсмены в составе сборной Костанайской области стали бронзовыми призёрами на Кубке РК по пулевой стрельбе.…

6 дней ago

This website uses cookies.