«Жасыл ел» жасақтары іске кірісті

Еңбеке төселген жастар өз туған жерін гүлдендіруде аянбай еңбек етуде

Қостанай өңірінде 2005 жылдан бері , Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы негізінде құрылған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Қарасу ауданында да  белсенді қызмет істеуде.

Өзі айтып тұрғандай бұл еңбек жасағының  негізгі міндетті жастардың күшімен ауданды  көгалдандыру мен абаттандыру үлес қосу болып табылады.  Сосынау игі бастама  арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау.

Осы мақсаттарды негізге ұстаған қарасулық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы маусым айынан бастап іске кірісті. Жаз айларында туған жерді көркейту, көгалдандыру мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында студент жастар және жұмыссыз 37 адам жұмыспен қамтылды. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына  басшылық жасап отырған «Қаарасу аудандық шағын кәсіпкерлердің қауымдастығы» ҚБ төрайымы Аягөз Өскенбаеваның пікіріне сүйенсек, еңбек маусымы кезінде жастар саябақтар мен демалыс орындарының төңірегін күл-қоқыстан тазартып, тал түптерін әктейді.

«Жасыл ел» бағдарламасы ауданда осымен  жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қаржы республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінеді.  Қазіргі таңда еңбек жасаңының сарбаздарының барлығы жұмысқа орналасты.  Қажетті арнайы киім мен еңбек құралдарымен қамтамасыз етіліп, Қарасу және Қараман ауылдарында жұмыс істеп жатыр. Мұнда барлық жағдай жасалған. Оның үстіне жастар туған жерін көркейтуге қосқан үлесі үшін бір айда 60 мыңнан астам жалақы алады. Бұл студентер үшін қомақты қаражат.», – дейді аталмыш жобаны жеңіп алып ңске асырып жатқан «Қаарасу аудандық шағын кәсіпкерлердің қауымдастығы» ҚБ төрайымы Аягөз Мақжанқызы

Ауыл  көшелерінде еңбек етіп жүрген жастарға жаздың қапырық ыстығы да кедергі келтіре алар емес. Биыл ғана «Жасыл елдің» қатарына қосылған Әсет Едігенов.

«Мен жазда қара жүрмей өз еңбегіммен ата-анама қолдау көрсетіп жатқаныма қуаныштымын.Осы жерде  маусым айынан бастап жұмыс істеп жүрмін.  Менің маңдай теріммен тапқан табысым арқылы ата-анама кішкене болса да көмек көрсетсем деймін. Жалақысына көңілім толады. Жұмыс та ауыр емес. Көше сыпырып, шөп жұламыз. Күн ыстық. Алайда, ақшаның оңайлықпен келмесі анық. Бұйыртса, тағы бір айға қалсам ба деп отырмын», – дейді Әсет бізбен әңгімелескенде.

Расында, 17 жасқа енді толсада Әсетке қарап еріксіз риза боласың. Өйткені ол жазғы демалысында қарап жатпай еңбек етіп, отбасына қолғабыс болуда. Әрі өзінің маңдай терімен күзде оқуға қажетті оқу-құралдарына ақша тауып жүр. Осындай еңбек сүйгіш жастарға қарап кейбір қатарластары үлгі алса екен дейміз.

«Қазір еңбек етіп жатқан «Жасыл ел» сарбаздарының барлығыда өте жауапты. Өздеріне жүктелген тапсырманы дер кезінде сапалы орындайды. Араларында 3 жыл осы еңбек жасқтарында жұмыс істеп келе жатқандарда бар. Бұл бастама жастар үшін аса қажет жоба. Бір жағы туған жерінің қадірін білсе, екінші жағынан жастайынан еңбекке шыңдалып тіртіпті болып өседі», – дейді Аягоз Мақжанқызы.

Мешіт Ғазизұлы

Суретте қарасулық «Жасыл ел» жасақтары

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.