Жастарды жұмыспен қамту – маңызды мәселе

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 18 адам жұмыспен қамтылды

Ел болашағы – жастар. Сондықтан да жастар мәселесі әрдайым қоғамның назарында. Мемлекет тарапынан жастар игілігі үшін көптеген бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда.

Сондай бағдарламалардың бірі – «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы. Жастарды жұмыспен қамтуға арналған бұл бағдарламаның берері мол. Оқу орнын бітіріп, диплом алған жас мамандардың бірден жұмысқа орналасып кету мүмкіндіктері аз. Өйткені жұмысқа тұру үшін тәжірибе болу керек.

Өңірімізде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Жоба аясында 18 жас маман аудандағы мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасты.

Тәжірибе жинақтау үшін жұмысқа орналасқандардың бірі – Ақбидай Ауезхан.

Ақбидай Октябрьское орта мектебінің түлегі. Ол Арқалық қаласындағы Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша орта кәсіби білім алған. Биыл оқуын тәмамдап, ауылға келген жас маман жұмысқа орналасу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгініпті. Қазір «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында Октябрьское ауылы әкімі аппаратында жұмыс істеуде.

Мемлекет тарапынан қолға алынған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын қолдаймын. Жас маман үшін бұл таптырмас бірегей мүмкіндік. Осындай қолдауға ие болғаныма қуаныштымын, – дейді Ақбидай.

Сондай-ақ, жас маман Дана Буркова да «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының шарапатын көріп отыр. Ол 2018 жылы Қостанай кооперативтік экономикалық колледжін есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған. Биыл «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы «Люблинка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бухгалтердің көмекшісі ретінде жұмысқа тартылды.

-Бұл бағдарлама бойынша 6 ай іс-тәжірибеден өтуге болады. Осы уақыт аралығында жалақымен қамтамасыз етілеміз. Менің ойымша, өз жолын табу үшін бүгінгі жастарға барлық жағдай жасалған деп ойлаймын, – дейді Дана.

Бекен Саткенов та «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының игілігін көріп отыр.

– «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы дипломы бар, бірақ тәжірибесі жоқ жастарға көмектесуге арналған. Бұл бағдарлама арқылы еңбек етіп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік мол. Себебі жастарға жұмысқа орналасу үшін міндетті түрде тәжірибе қажет, – дейді жас маман.

Бекен Комсомольское ауылының тумасы. Мамандығы – мемлекеттік және жергілікті басқару. Ол оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, биыл жастар тәжірибесімен Ильичев ауылдық округі әкімінің аппаратына жолданыпты. Қазір аталмыш мемлекеттік мекемеде бухгалтердің көмекшісі болып еңбек етуде.

– Бұл мекемеге «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы келдім. Жүктелген жұмысты атқарып жатырмын. Еңбек ұжымы ұйымшыл екен, мені жақсы қабылдады. Аталған бағдарлама арқылы еңбек етіп жатқаныма қуаныштымын. Мемлекеттік бағдарламаны қолдаймын. Бұл жастарға көрсетілген үлкен көмек деп есептеймін. Себебі қазіргі таңда тәжірибең жоқ болса, белгілі бір жұмысқа орналасу өте қиын. Сондықтан «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының жастарға берері мол, – дейді кейіпкеріміз.

Бүгінде мемлекет тарапынан жұмыссыздыққа қарсы күрес күшейіп келеді. Сондықтан мемлекет, қоғам болып жұмылып жатқан уақытта ешкім де қолдау-көмексіз қалмайды. Кез келген адамның қолынан келетін жұмыс табуына көмек көрсетіледі. Жұмыспен қамту мәселесімен тікелей айналысып отырған мекемелердің атқарып отырған істерінен оны айқын аңғаруға болады.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

В суде огласили приговор в отношении водителя большегруза, совершившего ДТП

Происшествие на дороге с участием габаритного автомобиля «Вольво» под управлением жителя Туркестанской области Розакулова и…

4 дня ago

Прошли прения в суде по делу о гибели учителей в ДТП

В прениях гособвинитель Нурсеитова назвала смягчающие обстоятельства для водителя большегруза Розакулова, уснувшего за рулём и…

5 дней ago

Карасуская сборная готовится к выступлению на республиканском Слёте

Команда юных спасателей усиленно тренируется перед соревнованиями. (далее…)

5 дней ago

Энергетики бьют тревогу. Что тревожит специалистов в Карасу ?

Энергетики ТОО «Межрегионэнерготранзит» утверждают, что у карасулян в ближайшее время могут возникнуть новые сложности. (далее…)

1 неделя ago

Заслуги карасуского священнослужителя отмечены наградой

Имаму Карасуской мечети вручили ведомственную медаль. (далее…)

1 неделя ago

Карасуская молодёжь побывала на одном из крупных агроформирований региона

Экскурсионное посещение на производство «Кунарлылык» организовано в рамках программы, составленной для проведения Года рабочих профессий.…

1 неделя ago

This website uses cookies.