Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінде оқушылардың көркемөнер шығармашылығын дамыту және жас талант иелерін анықтау мақсатында «Жарық жұлдыз» атты ән байқауы болып өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған өнер сайысына 12 үміткер қатысты.
Байқау шартына сәйкес қатысушылар таңдаған әндерін орындап, өз өнерлерін ортаға салды.
Жас әншілердің өнерін «Достық» аудандық мәдениет үйінің мамандары Есімхан Тоқыбаев пен Елдос Бөлтіріков бағалап, қазылық етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша 4 сынып оқушысы Наргиз Қожабаева бас жүлдені жеңіп алса, бірінші орынға 1 сынып оқушысы Аслан Дюсембаев лайық деп танылды. Екінші орынды 5 сынып оқушысы Айдана Жұмаділова, ал үшінші орынды 2 сынып оқушысы Айым Лашенова иеленді.
Байқау соңында барлық орын алған және қатысқан оқушыларға мадақтама қағаздары және тәтті сыйлықтар табыс етілді.
– Бас жүлдені жеңіп алғаныма қуаныштымын. Байқау жақсы ұйымдастырылған. Маған ұнады. Қолдау көрсеткен жандарға алғысым шексіз, – дейді Наргиз Қожабаева
Жаңабай АХМЕТОВ
В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)
В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)
Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)
В районе стартовал отопительный сезон. (далее…)
Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…
Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…
This website uses cookies.