Жамбыл ауылында көшелерге асфальт төселіп жатыр

Қарасу ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінде ішкі жолдарға асфальт төселуде. Алдағы уақытта көшелерді жарықтандыру жұмыстары да қолға алынбақ.

Аталған игі бастамалар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының шеңберінде іске асып жатыр. «Таза Қазақстан» акциясына  Жамбыл ауылдық округінің тұрғындары білек сыбана кіріскен. Әр үй өз аулаларын, қоғамдық жұмысшылар әкімшілік мекемелердің маңайын тазалауда. Ауыл ішінен қапшық­қапшық құм, қиыршық тас тиеген жүк көліктерін көруге болады. Көшелерді асфальттау жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Ауыл әкімі Сайлау Иманбековтың айтуынша, болашақта ауыл көшелерін жарықтандыруды қолға алмақ.

­ Ауыл ішіндегі көшелерді асфальттауды бастадық. Одан кейін көшелерді жарықтандыру жобасы тұр. Алдағы уақытта балаларға арналған ойын алаңы салынады. Ұялы байланыс операторын да іске қоспақпыз. Аталған шарулардың бәрі халықтың игілігі үшін. Тұрғындар да көмектесуде. Әркім өз ауласының шөбін шауып, қолдан келгенше аянып қалып жатқан жоқ,­ деді ауыл әкімі Сайлау Иманбеков.

Аталмыш акция аясында Қарасу ауданында екі мыңнан астам ауланы тазалап, төрт саябақты қалыпқа келтірген. Аудан белсенділері 54 әлеуметтік нысанның аумағын жинады. Жалпы айтқанда 10 856 тоннадан астам қалдық жиналып, қоқыс палигонына шығарылды.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

12 часов ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

15 часов ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

5 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

6 дней ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.