Жаңа мектеп құрылысы басталды

Басты мақсат – өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына барынша жағдай жасау

Бүгінде мемлекет тарапынан білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Заман талабына сай білім беру сапасын арттыру мәселесі Президент Жолдауындағы басты бағыттардың бірі. Ондағы мақсат – білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құрып, өскелең ұрпақтың білім алуына барынша жағдай жасап, сапалы біліммен қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда елімізде заманауи үлгідегі жаңа мектептер көптеп салынуда. Бұған дәлел – биыл Қарасуда бой көтеретін жаңа мектеп ғимараты. Бұл туралы бұған дейін де газетімізде жазған болатынбыз.

Қазір аудан орталығында салынатын 320 балаға арналған мектеп құрылысының қазығы қағылды. Аумағы 5 765 шаршы метр болатын мектеп алаңына арнайы техникалар тартылып, құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Жаңа мектеп Қарасу ауылының Май зауыты көшесінің қиылысы мен  Совхозный көшесінің қиылысының арасындағы бос тұрған жерде бой көтереді. Мектептің құрылысына 1 285 918,93 мың теңге бөлінген. Мектептің бас жоспарда жүгіру жолдары, футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары бар дене шынықтыру-спорт аймағы, оқу-тәжірибе станциясы, мектеп бақшасы, 0-4 сыныптардың демалуына арналған аула, негізгі кіреберістің алдындағы мерекелік алаң, 5-8 сыныптардың тыныш ойын алаңы қарастырылған.

Жалпы мектеп ғимараты екі қабатты, жертөлесі бар, жоспарда өлшемдері 57,4 х 58,17 м болатын тікбұрышты нысаны бар. Білім ордасының бірінші қабатының биіктігі 3,3 м, ал екінші қабаты 4,2 м құрайды.

Мектеп құрылысы кезінде 82 адам жұмыспен қамтылады. Құрылыс жұмыстарын 8 айда бітіру жоспарлануда.

Бүгінде жас ұрпақтың жан-жақты білімді болып өсуі қажет. Сапалы білім – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты құрал. Өйткені келешекте елімізді өркендету, жаңа технологияны дамыту, мемлекетімізді нығайту – жас ұрпақтың қолында. Сондықтан олардың білікті де білімді болуы үшін білім ошақтары заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Сонда ғана заман бәсекелесіне сай сапалы білім алуларына толық жол ашылады.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суретте: мектеп құрылысы барысынан көрініс

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.