Ата-бабамыз «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаса керек. Өйткені бабаның тал қондырғаны – өзіне ат қалдырғаны
Жалпы Қарасу ауданында ауыл-аймақты абаттандыру, көркейту жұмыстары кең етек алып келеді. Оның нақты көрінісі көшелердегі егілген талдарды күтіп баптау мақсатында салынып жатқан қоршаулар. «ағаш айқайға құламайды». Десек те, әр түп талдың тамыр жайып, бой көтеріп кетуі үшін атқарылатын жұмыстары көп екені белгілі.
Бүгінгі егілген тал, шыбықтар ертеңгі күні ауданымыздың келбетіне сән беріп тұратын саялы ағашқа айналып кетуі ел болып жасаған жұмысымыздың жемісі болмақ. Сондықтан көшеттер егу үрдісіне әр ауылдар да өз үлестерін қосуда. Себебі, бабалар еккен шынарды ертеңгі күні балалар саялайтыны шындық.
Осы қағиданы берік ұстанған аудан тұрғындары берекелі істе ұйымшылдық танытып, экологиялық сағатты барынша мәнді өткізді.
Оның жарқын бір дәлелі, 12 қазан күні аудан бойынша экологиялық сағат ұйымдастырылып, көшелер мен саябақтарға мыңдаған көшеттер отырғызылды.
«Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күні» игі бастамсына барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдары, жеке кәсіпкерлер, қоғамның белсенді өкілдері, жастар ұйымдары белсене атсалысты.
Сондай-ақ. осынау тәлім-тәрбиесі мол шара аясында барлық білім ордаларында экология тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді.
Мешіт Ғазизұлы
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.