Бозкілем бәсекесі тартысқа толы болды
Қостанай қаласында генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың Кубогына арналған еркін күрестен ерлер арасында Қостанай қаласы ашық біріншілігі өтті.
Спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберлігін арттыру және еркін күресті дамыту.
Бозкілем бәсекесіне мықты деген палуандар қатысып, өзара бақ сынады.
Турнир тартысқа толы болды. Жарысқа қарасулық палуандар да қатысып, жерлестеріміз жүлдемен оралды. Атап айтсақ, 52 келі салмақта сынға түскен Рүстем Батталов күміс медальді жеңіп алса, 92 келідегі Ренат Тұрсынов жүлделі үшінші орынды иеленді.
Жерлестеріміз тиісті деңгейдегі мадақтама қағаздары және медальдармен марапатталды.
– Спортшыларымызды осындай жарыстарға жиі қатыстыру арқылы олардың шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинақтауларына мүмкіндік береміз, – дейді Қарасу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрестен бапкері Нұрсұлтан Баязитов.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретті ұсынған Қарасу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрестен бапкері Нұрсұлтан Баязитов
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.