Үздіктер қатарында!

«Бүркіт» спорт клубы шәкірттерінің жетістігі

Қостанайда қоян-қолтық ұрыс мектебі мен «Жас Ұлан» Nomad MMA жаттығу уақытында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен Конституция күніне орай «Көңілді старт» жарысы өткізілді. Оған Қойбағар ауылының «Бүркіт» спорт клубының шәкірттері де қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, халықты жүйелі түрде спортқа және дене шынықтыруға тарту.

Айталық, өз жас ерекшелігіне сәйкес 400 және 800 метр қашықтыққа жүгіруден Аңсар Жұмабаев, Максим Чайка және Даниал Адылкадыров жеңімпаз атанды. Кермеге тартылудан Аңсар Жұмабаев, Әли Жұмабаев және Вадим Киколенко топ жарды. Орнынан ұзындыққа секіруден Матвей Ченцов, Максим Чайка және Вадим Киколенко үздіктер қатарынан көрінді.

Жалпы есепте 6-7 жастағы жасөспірімдер арасында Аңсар Жұмабаев және 13-15 жастағы жасөспірімдер арасында Артем Цымбаленко чемпион атанды.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтама грамотасы және медальдармен марапатталды.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет интернет желісінен алынды

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.