Восток ауылында су тарату желісі қайта жаңаруда

Восток ауылында су құбырының тарату желісі қайта жаңғыртылуда.

Жуырда Қарасу аудандық мәслихатының депутаттары аталған жерге арнайы барып, жұмыстың барысына партиялық бақылау жүргізді. Халық қалаулылары нысанның құрылысын қадағалап, мән-жәймен толық танысты.

Аталған жұмыстың жалпы келісім-шарт құны 1 055 149, 7 теңгені құрайды. Жобаның іске асу мерзімі екі жылға белгіленген. Құрылыс жұмыстары былтыр басталып, 65 648, 0 теңгенің шаруасы атқарылды. Биылдыққа да іс кестеге сәйкес тоқтаусыз жүріп жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының мердігері «NSC Construction-2024» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мердігер ұйым былтыр күзде құрылысты қолға алған болатын. Техникалық қадағалаудан өткізуші мекеме ретінде «Аркада RZ» ЖШС бекітілгенін еске саламыз. Авторлық қадағалауға «VIC Engineering» ЖШС жауапты. Нысанды жыл соңына дейін, яғни, 30-желтоқсанда тапсыру жоспарланып отыр. Күзгі ауа райы құрылыс алаңындағы жұмыстарға айтарлықтай кедергі келтіруге тырысатыны рас. Соған қарамастан құрылысшылар талмай еңбек етуде.

Су тарату желілерін жаңартып, жаңғыртуға 2025 жылға облыстық бюджет қазынасынан 145 382,0 мың теңге бөлініпті. Жобаны қаржыландыруда ешқандай қиындық жоқ деді жауапты мамандар.

– Дайындық жұмыстарының аясында сумен жабдықтау желісі, ұңғымалар мен су қоймалары тексерілді. 10-қыркүйек күнгі жағдай бойынша нысан аумағында бір экскаватор, бір тиегіз техника, бір кран, бір бульдозер жұмыс істеуде. Барлық шаруаларды 14 жұмысшы атқаруда. Қазіргі уақытта қалыптарды құрастыру, дәнекерлеу, суды сору, резервуарларды топырақпен толтыру, сорғы станциясына және тұндырғышқа бетон құю жұмыстары жүргізілуде,-деп атап өтті жергілікті мәслихат депутаттары.

Сонымен қатар құрылыс алаңында 500 текше метр резервуар қазылып, суды сорғыш пен қалып орнату, топырақты шығару, резервуарға арматураны құрастыру сияқты қызу тірлік қайнап жатыр. Жоспар 40% орындалды. Ендігісі қарауыл ғимаратының іші-сыртын қалпына келтіру, ішкі алаң желілері мен электр жабдықтау желілерін, сыртқы сумен жабдықтау желілерін, тарату желілерінің қысымын сынау, нысанның сыртын абаттандыру, сорғы станциясындағы қалдық жұмыстар, ескі РВК қайта құру және жаңа РВК бойынша қалдық жұмыстар, сыйымдылығы 100 м3 септиктердегі шаруаларды тиянақтылау сияқты жұмыстар қалды.

Мемлекет басшысы 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырды. Осы міндетті орындау мақсатында ілкімді істер ілгерілеп, күрделі мәселе өңірлерде оң шешімін тауып келеді. Президент тапсырмасына орай жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы ретінде Қарасудың Восток ауылындағы осы нысанды айтуға болады.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті жолдаған «Amanat» партиясының Қарасу аудандық филиалы

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)

14 часов ago

В истории деторождения Карасуского района открыта новая страница

Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…

1 день ago

Карасуское учреждение образования в непогоду приняло российских туристов

Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…

5 дней ago

Имя карасуского врача вошло в почётный трудовой том страны

Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)

1 неделя ago

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.