Қарасулық Тлемісовтар отбасы қысқа уақыттың ішінде аудан жұртшылығына кеңінен танылып үлгерді.
Бұл көп балалы отбасының біздің мақтанышымызға айналғаны жасырын емес. Ерлі-зайыпты Мансур мен Мариям биылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысып жатыр.
Мансур мен Мариямның таныстығын кездейсоқ кездесу әлде тағдырдың таңғажайыбы десек пе екен?.. Екі жас бір-бірі туралы өздерінің аға-әпкелерінен естіген. Кейін бұрынғы «Мой мир» әлеуметтік желісі, «агент» мессенджері арқылы жақынырақ сөйлесіп, тіл табыса бастайды. Осылайша жастардың интернеттен басталған таныстығы үлкен махаббаттқа ұласады. Бір айдан соң екеуі жолығып, бір жылдан соң некелеседі.
Біз ойламаған жерден таныстық. Интернет арқылы хабарласып жүргенімізде мен де, Мансур да біз табысып, шаңырақ құрамыз деп ойламаппыз. Жәй ғана сөйлесіп, сырласып, әртүрлі тақырыптар төңірегінде пікір алмасатынбыз,-деп ерекше сәттерді еске алды отанасы Мариям.
Бүгінде ерлізайыптылардың төрт баласы бар. Тұңғыштары Елхан 13 жаста. Ол Қостанай қаласындағы «KAZGUU school» -да оқиды. Елхан кішкентайынан спортқа қызығады екен. Бес жасында күреспен айналысып, тоғыз жасында футболға қызыға бастапты. Қарасу балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің сапында жүріп, жаттығу кезінде көптеген жүлделі орындарға ие болды. Болашақ спортшы қазір футболды шебер ойнайды. Қазірдің өзінде «Тобыл» футбол командасының сапында ойнап та жүр. Одан кейін Ханым есімді 9 жасар қызы бар. Ол Қарасу ауданындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 3-сыныпта білім алып жатыр. Сондай-ақ аудан орталығындағы өнер мектебінде вокалдан сабақ алады. Ханымның шығармашылық қабілеті мен таланты, жетістіктері туралы бұған дейін газетімізде жазған едік. Көзі қарақты оқырманның есінде шығар деген ойдамыз. Ханым кішкентайынан әнге құмар, шығармашылыққа жақын. Аудандық, облыстық ән байқауларына қатысып, бағын сынап жүр. Жүлделі орындар алып, ата-анасын да, жерлестерін де қуантып келеді. Ханымның ұстаздары да үлкен сенім артуда. Үйдің үшінші баласы Аметхан 7 жаста. Ол да Абай атындағы мектептің 1-сынып оқушысы. Отбасының кенжесі Исламхан есімді 2 жасар бүлдіршін. Балақай аудан орталығындағы «Балапан» балабақшасына барады. Кішкентай Исламхан да ағалары мен әпкесі секілді белсенді, спортшы, шығармашыл болып өсеріне күмән жоқ. Өйткені, «Ат тұяғын тай басар» деген әдемі тәмсіл бар халқымызда.
-Біз отбасындағы сыйластық пен мейірімді сақтауға тырысамыз. Әр шаңырақтың өзіне тән ұстанымдары болады. Сол секілді біз бір дастархан басында бас қосып, кешкі ас ішуді әдетке айналдырдық. Бәріміз жиналып, өткен күндерді, қызықты сәттерді еске аламыз. Туған күнді атап өтуді де маңызды дәстүрге айналдырдық. Бір-бірімізге сыйлық беріп, көңілді ойындар ойнап, қызықты өткізуге тырысамыз,-дейді Мариям Тлемісова.
Кейіпкерімізбен бала тәрбиесі туралы да сөйлестік. Тәрбие деген – жауапкершілігі мол, ата-ананың перзент алдындағы ең маңызды парызы. Тәрбиеге жүрдім бардым қарауға мүлде болмайды. Баланың іргетасы мықты, діңгегі бекем азамат болып өсуі үшін де тәрбиге жете мән беру қажет.
-Біз балаларға таңдау еркіндігін береміз. Көмек немесе кеңес қажет болғанда қолдауға да дайынбыз. Бала тәрбиесіндегі ең қиын сәт олар есейгенде үлкен қалаға жалғыз жіберу дер едім. Мәселен, тұңғыш ұлым Елханды Қостанай қаласына оқуға жібергенде қатты уайымдадық. Қанша жерден бізге қиын болса да баланың көңілін жықпайық деп өзі қалаған оқуын таңдауына мүмкіндік жасадық. Біз баланың болашағына балта шабуға болмайтынын жақсы түсінеміз,-дейді Мариям.
Кейіпкеріміз отбасында татулық салтанат құруы үшін ең алдымен жұбайлар бір-бірін құрметтеуі қажет деп есептейді. Қиын сәтте өзара қолдау көрсету өте маңызды деп санайды.
-Отбасы болған соң кешіру, іште өкпе-реніш сақтамау өте маңызды. Махаббат, сыйластық, жылулық болған үйдің берекесі де артады. Тіршіліктің қамымен күні бойы жұмыста жүрсек те жан жарыңызды, жолдасыңыды тасада қалдырмаңыз. Көңіл бөлуге тырысыңыз. Шаңырақ шаттығының кілті – сенім мен шыдамдылық,-деді Мариям Тлемісова.
“Жанашыр бол” ҚҚ “Қарасу аудандық ішкі саясат бөлімі” ММ-нің қолдауымен “Отбасы құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру” жобасын жүзеге асырады.
Қымбат ДОСЖАНОВА,
Суретті ұсынған Мариям Тлемісова
Об этом стало известно после последнего турнира, который прошёл в минувшие выходные в селе Карасу.…
Дан старт череде мероприятий, направленных на формирование семейных ценностей. (далее…)
Ксения Денисенко и Нурлан Султанбеков из села Койбагар заключили интернациональный супружеский союз 15 апреля, в…
Благополучное разрешение паводковой ситуации спортсмены национальных видов спорта решили отпраздновать, организовав соревновательное мероприятие между командами…
У участницы проекта «Читающее село» любовь к отечественной литературе укрепила интерес к народным традициям. (далее…)
Вчера, 3 апреля, прошло первое заседание. (далее…)
This website uses cookies.