Табиғаттың жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күні де келіп жетті

Міне, асыға күткен шуақты көктемнің шырайлы мерекесі – әз- Наурыздың табалдырығымыздан аттайтын сәтіне де аз қалды. Халқымыз үшін бұл мейрам – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Бұл күні күн мен түннің теңеліп, қытымыр қыстан аман шыққан барша дүние жадырап, жаңғыруға бет бұрады.

Наурыз – молшылық, құт-береке мерекесі. Бұл мерекеде әр шаңырақта мерекелік дастархан жайылып, төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттаймыз. Бар жылы-жұмсақты дастарханға қойып, шаңыраққа келген барлық қонақ дастарханнан дәм татып, ақ батасын береді.

Қарамырза ауылында тұратын Какеновтар отбасы жыл сайын Наурыз мейрамын ерекше қарсы алады. Отбасы мүшелері төл мерекеде дастархан басына жиналып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Отанасы Роза Какенова мерекелік дастарханға арнап Наурыз көже және басқа да түрлі ұлттық тағамдарды молынан әзірлеп, алдын ала дайындалады. Ұлттық дәстүрді сақтаған Роза Қонысбайқызы мерекелік лебізін білдірген еді.

-Наурыз – жыл басы! Халқымыз бұл мейрамды Ұлыстың ұлы күніне балап, оны жарқын мерекеге айналдырған. Көктен көпке шапағат төгілген Ұлыстың ұлы күні халқымыз бір-біріне деген өкпе-назды ұмытып, татуласып, үлкендердің ақ батасын алып, ізгі тілек тілеген. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен әз-Наурызды сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қарсы алған. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз шұғылалы көктемдей шуақты болсын, – дейді кейіпкеріміз.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

3 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

3 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.