Тұрғындар мәселесін тыңдады

21 қараша – республика бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің азаматтарды қабылдау ұлттық күні өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен аптада Қарасу ауданының әкімі Виктор Ионенко да азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Қабылдау таңғы сағат 10.00-ден бастап жүргізілді. Сұрақтардың басым көпшілігі баспана, атаулы әлеуметтік көмекке қатысты болды.

Қабылдауға алғашқы болып кірген Ағатай Жакишев «Дипломмен ауылға» жобасына мемлекеттік қызметкерлерді енгізу жоспарда бар ма деген сұрақты көтерді.

Тиісінше оған ауылдық жерлерде маман тапшылығы мәселесін шешу үшін «Дипломмен ауылға» жобасына мемлекеттік қызметкерлерді енгізу туралы ұсыныс білдірілді, бұл бастаманы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов көтеріп отыр деп, түсіндіру сипатындағы ауызша жауап берілді.

Қабылдауға келген Валентина Орлованың сұрағы – «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысты болды. Ол осы бағдарлама арқылы баспана алғысы келеді екен. Оның бұл сауалына: «Сіздің отбасыңыз «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алады, қажетті құжаттарды жинау керек», деген ауызша жауап қайтарылды.

Әкімге жағдайын айтып келген Новопавлов ауылының тұрғыны, көп баланы ана Екатерина Симбаева атаулы әлеуметтік көмектің берілмей қалғанын айтып қыңжылды. Аудан әкімі бұл мәселенің оңтайлы шешім табуы үшiн жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ көп баланы ананың үйіне арнайы барып, тұрғын үй-тұрмыс жағдайын тексеру актісі жүргізіп, соның нәтижесі бойынша материалдық көмек көрсету керектігін жеткізді.

Аудан әкімінің қабылдауына басқа да тұрғындар келіп, өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.

Қоғамдық қабылдауға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмагүл Ерменова, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділхан Ахмеров, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Зарина Исмурзина және аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Владимир Голубев қатысып, әрқайсы өз салалары бойынша тиісті сауалдарға жауап беріп отырды.

-Осындай қоғамдық қабылдаулар өте қажет. Халық пен билік арасын жақындастыра түседі. Сондықтан осындай қоғамдық қабылдаулардың жиі болып тұрғанын қалаймын, – дейді Валентина Орлова.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.