Бұқаралық спорт жақсы қарқынмен дамып келеді
Спорт – өміріміздің бір бөлігі. Спорттың адам денсаулығына пайдасы зор екендігін бәріміз білеміз. Сондықтан да спортты жанымызға серік етіп, барынша салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.
Біздің ауданда бұқаралық спорт жақсы дамып келеді. Өңірімізде спорт саласына жасалып жатқан жағдайлардың арқасында спортпен шұғылданатын тұрғындардың саны артып, әсіресе спортты серік еткен жастардың қатары көбейіп келеді. Жастардың спортқа деген ынтасын арттырып, шеберліктерін шыңдап жүрген бапкер-жаттықтырушыларымыз да жетерлік. Солардың бірі – Айбар Файзолла.
Небәрі 19 жастағы Айбар өзінің жастығына қарамастан бүгінде бапкерлікке ден қойды. Ол Октябрь ауылында аралас жекпе-жектен секция ашып, жасөспірімдер мен балаларды жаттықтырып жүр.
– Бапкерлікке кіріскеніме көп болған жоқ. Бірақ, аз уақыттың ішінде біршама бала жинап үлгердім. Жаттығуға он шақты бала тұрақты түрде келіп жүр. Ауылдың балалары көбіне шымыр, әлді болып келеді. Болашақта бар білгенімді шәкірттеріме үйретіп, олардан жақсы спортшы тәрбиелеп шығарамын деген ойдамын. Шәкірттерімнің әр әдіс-тәсілдерді үйренуге деген ынта-ықыластары жоғары, – дейді Айбар.
Сондай-ақ, Октябрь ауылында футболды жан-жақты дамытуға да ерекше мән берілген. Жас бапкер Денис Мухаматянов ауыл жастарына теңбіл доптың қыр-сырын үйретіп, жаттықтырып жүр.
Жалпы спорттың қай түрі болмасын адам денсаулығын нығайтады. «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтылмаған. Сондықтан әрдайым спортты жанымызға серік етейік. Спорттың берері мол.
Жаңабай АХМЕТОВ
В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)
В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)
Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)
В районе стартовал отопительный сезон. (далее…)
Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…
Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…
This website uses cookies.