Спортпен өрілген өмір…

Зілтемірші Виктор Мутылев туралы бірер сөз

Елімізде әр саланы жетілдіріп, одан әрі дамыту жолында түрлі бағдарламалар қабылданып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Соның ішінде әлеуметтік маңызы бар сала – спортты дамытып, халықты жаппай салауатты өмір салтын ұстануға баулу бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынып келеді.

Спорт – денсаулық кепілі. Елімізде тәуелсіздіктің ақ таңы атқалы бері көптеген заман талабына сай спорттық нысандар бой көтеріп, бұл салаға қомақты қаржы бөлініп, материалдық базасы да нығайа түсуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық­тың 30 пайызын спортқа тарту керектігін де алға тартқан болатын. Осы көрсеткішке жетіп, одан әрі аттыру мақсатында аудан орталықтары мен ауылдарда спорттық нысандар бой көтеріп жатыр. Жалпы, қазіргі таңда спорт саласына ме­м­лекет тарапынан жақсы жағдай жасалып жатыр деуге болады. Осының әсері болар, бүгінгі күні спортты серік еткен жандарды көптеп кездестіруге болады.

Бүгінгі кейіпкеріміз Виктор Мутылев «спорт десе, ішкен асын жерге қоятын» жандардың бірі десек те болады.

Виктор Николаевич Ушаков ауылдық округіне қарасты Панфилово ауылының тумасы. Бала кезден спортқа құмар болып өскен ол белгілі бір себептерге байланысты туған жерінен Октябрь ауылына қоныс аударады. Мұнда жергілікті орта мектепте оқып, мектеп өміріндегі спорттық шараларға белсенді қатысып, үнемі алдыңғы қатардан көріне білетін. Жеткен жетістіктері оны жігерлендіріп алға сүйреді. Мектепті тәмамдаған соң техникумға оқуға түсіп, студенттік өмірге қадам басқан Виктор Николаевичтың спортқа деген қызығушылығы одан әрімен артып, бокс секциясына жазылады. Осы спорт түрімен шұғылданып, бокстан өткен облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болады. Күштік үшсайыспен де айналысады.

Виктор Николаевич 1995 жылы оқу орнын бітірген соң, өзінің түлеп ұшқан ауылына оралады. Бұл уақыт 90 жылдардың тоқырау кезеңі. Ауылдық жерде спортпен айналысуға мүмкіндік жоқтың қасы болатын. Соған қарамастан, Виктор Николаевич спорттан қол үзген жоқ. Өзінің қайтпас қайсарлығы мен табанды еңбекқорлығының арқасында темір-тесектерді көтеріп, ауыр атлетикадан республикалық жарыстарға және Азия чемпионаттарына қатысып, зілтемірші ретінде абырой-беделі артты. Оның жарыстарға қатысуына «Железнодорожное АМФ» ЖШС директоры Максим Артемук демеушілік көмек көрсетіп тұрады.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттер Виктор Мутылевтың жеке мұрағатынан алынған

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.