Спартакиада нәтижесі

Бұқаралық спорттың берері мол

Өңірде бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Президентінің бұқаралық спортты дамыту тапсырмасын орындау мақсатында, ауданымызда түрлі жарыстар мен турнирлерді жүйелі, мақсатты түрде өткізіп келеді.

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Жастар жылы және Тұңғыш Президент күніне орай физикалық тұрғыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық спартакиада болып өтті.

Жарысқа 3 команда, барлығы 19 спортшы қатысты. Атап айтсақ, Қарасу және Восток ауылының командасы, Октябрь, Целинный, Железнодорожный ауылдары және Новоселов, Комсомол, Жалғысқан ауылдарының біріккен командалары қатысып, өзара бақ сынады.

Спартакиада бағдарламасына спорттық сайыстардың мына түрлері кірді: дойбы, шахмат, дартс, үстел теннисі.

Спорттық шараның мақсаты – бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқараны жүйелі түрде спортқа және дене шынықтыруға тарту.

Спартакиада тартысты өтті. Барлық қатысушылар өздерінің жақсы дайындықпен келгендерін көрсете алды.

Спартакиада қорытындысы бойынша намысты қолдан бермей, шебер ойын көрсеткен спортшылар марапатсыз қалған жоқ. Атап айтқанда, дойбыдан ерлер арасында бірінші орынды Дүйсен Аталықов (Қарасу ауылы) иемденсе, Юрий Деменчук (Железнодорожный ауылы) тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Садық Байкенов (Комсомол ауылы) үздік үштіктің қатарында.

Шахматтан бірінші орын Владимир Хмараға (Қарасу ауылы) тиесілі. Урал Будюкин (Қарасу ауылы) күміспен күптелсе, О. Сыздықов (Комсомол ауылы) үшінші орынды місе тұтты.

Дартстан ерлер арасында бірінші орынды Александр Деманов (Железнодорожный ауылы) жеңіп алды. Екінші орынды Эльдар Тлемис (Қарасу ауылы) еншілесе, үшінші орынды Степан Анищенко (Жалғысқан ауылы) олжалады. Дартстан әйелдер арасындағы сайыста Әсия Искакова (Қарасу ауылы) жеңіске қол жеткізді.

Үстел теннисінен Жангелді Әлжанов, Эльдар Тлемис, Әсия Искакова (Қарасу ауылы) алтыннан алқа тақса, Сағи Батырғожин, Станислав Бодров күміс медальді еншіледі. Ал, Степан Анищенко (Жалғысқан ауылы) қол жүлдені қанжығалады.

Командалық есеп бойынша Қарасу және Восток ауылдары бірінші орынды, екінші орынды Октябрь, Целинный және Железнодорожный ауылдары, ал, үшінші орынды Новоселов, Комсомол, Жалғысқан ауылдары еншіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Спартакиаданың жабылу салтанатында дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Саутпаев құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді.

Айта кетерлігі, аталған спартакиада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, дене шынықтыру және спорт бөлімі және жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдасуымен өткізілді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет автордікі

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)

1 день ago

В истории деторождения Карасуского района открыта новая страница

Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…

2 дня ago

Карасуское учреждение образования в непогоду приняло российских туристов

Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…

6 дней ago

Имя карасуского врача вошло в почётный трудовой том страны

Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)

1 неделя ago

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.