Құсмұрын – Новопавловка жолына бақылау күшейді

Қарасу мен Әулиекөл аудандарын байланыстыратын күре жолдың құрлысы өте күрделі нысан болып табылады

«Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов пен Қарасу аудандық мәслихат хатшысы Совет Қазиев іргелес жатқан Әулиекөл ауднымен байланыстыратын күре жолдың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Атап айтар болсақ, Құсмұрын – Новопавловка бағытындағы тас жолдың ұзындығы 19,2 шақырымды құрайды. Соңғы отыз жылда жөндеу көрмеген жол әбден тозығы жетіп, Кеңес дәуір кезінде төселген асфальттан бұл күнде жұрнағы қалмаған. Сондықтан, Новопавловка ауылының тұрғындары бір кісідей жол азабын тартып отырғандардың қатарында. Өйткені олар үшін ауданға қатынау аталмыш бағыт бойынша өте қолайлы. Небәрі шарқырымға жетер жетпес жолдан өту олар үшін нағыз қыл көпір деседе болады. Көктем мен күзде бұл тізеден батбаққа айналып, қыста қалың қардың астында қалып, жазда көктемде қардың суы бүлдірген ыра-жырадан өтудің өзі мұң болатын.

– Биыл көршілес жатқан Құсмұрын – Новопавловка аулдарының, қала берді қос ауданың арасын жалғайтын күре жолды жөндеуге 648 059,481 мың теңге бөлінді. Жиынтық сметалық есепке сәйкес қазір осы учаскеге орташа жөндеу жүргізілуде.
Тапсырыс беруші “Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, бөлімі”ММ болып табылады. Ал жол құрылысына мердігер “ВАКХСТРОЙ”ЖШС құрылыс компаниясы болып танылып отыр.
Жақында өздеріңіз білесіздер аталмыш жол құрылысына байланысты дау шыққан болатын. Қазір барлық мәселе шешімін тауып отыр. Соған байланысты екі ауданың басшылығы тарапынан осы нысының құрылысына бақылау күшейтіліп отыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай жол не бәрі 19,2 шақырымды құрасада өте күрделі жерлері бар. Бір ғана шағын жолдың бойында 8 су өткізгіш құбыр бар. Оның барын талапқа сай салмаса еткен еңбекпен қазына қаржысы көктемде желге ұшқанмен тең болады, – дейді «Nur Otan» партиясы Қарасу аудандық филиалының партиялық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшелері, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов.

Иә расында , бұл жол құрлысы біткенде ауыл тұрғындарын нағыз қуанышқа кенелтпек. Себебі , олар үшін аудан мен облысқа қала берді респуликалық маңызы бар жолға қосылуға мүмкіндік туады.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)

14 часов ago

В истории деторождения Карасуского района открыта новая страница

Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…

1 день ago

Карасуское учреждение образования в непогоду приняло российских туристов

Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…

5 дней ago

Имя карасуского врача вошло в почётный трудовой том страны

Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)

1 неделя ago

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.