Шыршаның шамдары жарқырады

Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттағалы тұр

Жаңа жыл – шаттық пен қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі. Бұл мерекені баршамыз жақсы ниетпен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға тырысамыз.

Әне-міне дегенше, тағы бір ескі жылды тарих қойнауына тапсырып, Жаңа жыл да табалдырығымыздан аттағалы тұр.

Қазір аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл мерекені жасыл шыршасыз елестету мүмкін емес. Орталық алаңда мерекенің басты нышаны – алып шырша бой көтерді. Жылдағы әдетпен, барлық мекеме-кәсіпорындар түрлі-түсті жарық шамдармен, жылтырақтармен көмкерілген. Жаңа жылдық құттықтаулар мен жарнамалар да ілініп, келер жылдың әне-міне келерін еске түсіреді.

Сейсенбі күні Жаңа жыл шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті. Күннің суығына қарамастан әсем шыршаның шамын жағу салтанатын тамашалауға жиналған жергілікті тұрғындардың қарасы көп болды.

Салтанатты түрде Жаңа жылдық шыршаның шамы жағылып, әсем әндер шырқалды. Мерекелік думанда Аяз ата мен Ақшақар жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, жұртпен бірге алаңдағы шыршаны айналып, би билеп, ән айтты.

Сондай-ақ түрлі ертегі кейіпкерлері де думанның көркін қыздыра түсті.

Міне, санаулы күндерден кейін 2020 жылға да қадам басамыз. Жыл соңында өткенімізге шолу жасап, болашаққа нық сеніммен қарап, Жаңа жылдан жақсы жаңалықтар, жаңа тілектер, үлкен үміт күтетініміз шындық. Сондықтан келер жыл ынтымағы мен бірлігі жарасқан халқымыз үшін сәтті жыл болып, әр шаңырақта береке-бірлік, шаттық пен қуаныш орнасын. Жақсылыққа ұмтылтатын, жаңаша ойлауға, тың қадамдар жасауға жетелейтін сәттеріміз көп болсын. Ортақ шаңырағымызда бейбітшілік пен келісім орнап, еліміз өсіп-өркендей берсін.

Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттер әлеуметтік желіден алынды

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.