Шабындыққа шалғы түсті

Қарсулық шаруалар малдың қыстық азығын дайындауға кірісіп кетті

«Жаз шанаңды, қыс арбаңды сайла», – дейді ғой дана халқымыз. Қарасу ауданында жаз мезгілі шығысымен егін себу науқанын аяқтаған шаруалар қысқы мал азығын әзірлеу , атап айтар болсақ, шөп шабу науқанына белсене кәрісіп кетті.

Ауылдағы ағайын үшін шөп дайындау – әрине, оңай шаруа емес. Ауа-райының ашық күндерінде шөпті шауып, оның нәрі түгелдей жойылып кетпей тұрғанда жинап алу аса көп қажыр-қайратты қажет етеді.

«Аудан бойынша әдетте мал азығын дайындау маусым-шілде айларында жүреді. Осы уақыт аралығында үлгермей қалсаң, әрі қарай шөп қурап, бойындағы нәрі де азаяды» , – дейді жергілікті тұрғындар.

Шөп буыны енді-енді қатып келеді. Кең көсілген Қарасудың даласы көздің жауын алып ерекше бір құлпырып, сұлулығын ішке тартып тұнып тұр.

Әсіресе ағаш бауырындағы жоңышқа киіздей тұтасып жатыр. Еркекшөп, бидайық, мия, бозғанақ, бұйырғын, бозжусан, қоңыржусан, жержусан, көкпек, балықкөз, тұзжапырақ, ажырық, қарашағыр, ақ шағыр, қарғатұяқ, қоңырбас, ақселеу дейсің бе, бәрі бар. Кешегі кеңес заманында сауырына соқа тимеген жер құнары тым жақсы.

Жалпы солтүстік өңірде мал азығы өте маңызды. Былтырғы ауыр жылдардан сабақ алған мал баққан жұрт қазір жадыраған жаз айларында шамалары келгенше тырбанып, жем-шөп қорын жасауға барынша ынталы.

Осы орайда қыстың қамына кірісіп кеткен жергілікті «Луиза» шаруа қожалығының басшысы Закрайл Медаровпен тілдесудің сәтті туды.

«Біздің шаруа қожалығымызда азды көпті ұсақ мал мал бар. Соңғы кезде мемлекеттік «Асық» бағдарламасы аясында шопан ата тұқымын өсіруді қолға алдым. Шама келсе биылғыдай шөп жақсы шыққан кезде екі жылдық қор жинап алуды межелеп отырмыз. Табиғаттың тартуын елемеудің өзі күнә ғой. Бұлда болса табиғат ананың бізге берген несібесі. Ал, өздеріңіз білесіздер несібеден құр қалуға болмайды» , – дейді жоғарыда аталғаншаруақожалығының иесі Закрайл ағамыз.

Биылғы жаз шабындықта шалғы шалып жатқан шаруалар үшін өте қолайлы болып тұр. Соңғы аптадағы жауын-шашынды айтпағанда. Дегенмен, тәжірибесі толыққан азаматтар алқаптағы шөккен түйедей тең-тең болып жатқан буылған шөпті кідіртпей қыстақ басына тасымалдауда.

Сабақты ине сәтімен орылған күндері елу-алпыс тонна шөп тасымалданады. Шөпшілердің тамағы тегін, маусымдық жұмыс кезінде еңбекақылары жоғары екен.

«Жалпы алғанда аудан бойынша қорасында мал асырап, күн көріп отырған тұрғындардың қажеттілгі үшін 76 мың 700 тонна шөп керек етеді. Қазіргі таңда аудандғы шаруалар күніне 1300 тонна шөп шауып, дайындап жатыр. Барлығы 53 мың 400 гектарлықжердің шөбі шабылды. Осы сәтте 32 мың тона шөп шабылып, 27,2 мың тонна шөп қажетті орындарға жеткізілді. Осы уақытқа дейін сұрныстың 41,8 пайызы орындалды.

Аудан бойынша жергілікті ЖШС 42 мың тонна. Ал жеке шаруа қожалықтары мен тұрғындар үшін 35 мың тонна шөп дайындалады.

Қазір шөп шабунауқаны үздіксіз жүріп жатыр. Шөптің шығымдылығы гектарына 6 дан 10 центнер аралығында.

Сондықтан, аудан тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ», днйді Қарасу ауданық әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Талғат Мұқанов.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Весенние полевые работы в Карасуском районе идут полным ходом

Благоприятные погодные условия позволили местным сельхозникам начать сезонную деятельность по графику. (далее…)

2 дня ago

Улыбнись, все будет хорошо. Или о том, как в Ильячевской школе создают бесконфликтную среду

Медиатор, психолог и юрист общественного фонда «Жанашыр бол» провели встречу в Ильячевской школе Карасуского района…

2 дня ago

Известный семейный психолог в День семьи встретилась с разновозрастной карасуской аудиторией

Темой встречи специалист с 10-летним профессиональным стажем Людмила Должикова обозначила самую злободневную причину разладов в…

2 дня ago

В Карасуском районе представили нового главу

Распоряжением акима Костанайской области от 15 мая 2024 года по согласованию с Администрацией Президента РК…

3 дня ago

На территории Карасуского района продолжает действовать режим чрезвычайной ситуации природного характера

Напомним, введён он 5 апреля из-за гидроопасности от талых вод и разлива местных водоёмов. (далее…)

4 дня ago

Глава крупного агрохолдинга выступил инициатором видоизменения духовного центра села Карасу

С таким обращением руководитель ТОО «Карасу-Астык» Алмат Турсунов выступил на недавно прошедшем совещании, где в…

4 дня ago

This website uses cookies.