Сақтансаң сақтайды!

Мақсат – қауіпті індеттің алдын алу

Коронавирус індеті бүкіл әлемді дүрліктірді. Жұқпалы дерт дүниежүзі бойынша халық арасында тез таралуда. Өкінішке қарай, бұл вирус біздің елімізде де тіркеліп отыр.

Бұл болып жатқан жағдай Үкіметтің қатаң бақылауында. Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілуі жөнінде республикалық телеарналардан халыққа үндеуін жолдады.

Осыған байланысты, Президент жарлығымен наурыздың 16-сынан бастап сәуірдің 15-не дейін елімізде төтенше жағдай енгізілді. «Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек! Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осындай сын сағатта халықты жұдырықтай жұмылып, қауіпті індетпен күресуге үндеген Қ.Тоқаев комиссия отырыстарында бұл жұқпалы дерттің алдын алу мақсатында нақты тапсырмалар беріп, тиісті шешімдер қабылдады. Айталық, 23 наурызда Қ.Тоқаевтың қатысуымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткізілді.

Отырыс барысында Мемлекет басшысы індеттің таралуын ауыздықтау үшін Төтенше жағдай және карантин режимін бұзғандарға қатысты шараларды қатаңдату, төтенше жағдай және карантин кезіндегі жұмыс тәртібін әзірлеп, оны барлық азаматтар мен бизнес өкілдеріне жеткізу, сондай-ақ, халыққа медициналық мекемелердің жаңа жұмыс режимін түсіндіру, Білім, Мәдениет және спорт министрліктеріне жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін онлайн-режимінде жарыстар, дәрістер мен өзге де білім беру шараларын өткізу мүмкіндігін қарастыру сынды тапсырмаларды жүктеп, сондай-ақ шағын және орта бизнесті, сонымен қатар, пандемиямен алдыңғы қатарда күресіп жатқан азаматтарға қолдау көрсету жөнінде дағдарысқа қарсы шаралардың жаңа пакетімен таныстырды.

– Қазіргі қалыптасқан жағдай күрделі болғанымен, аса ауыр деп айтуға болмайды. Біздің барлық мүмкіндігіміз бен қорымыз бар. Ең бастысы, қолайсыз жағдайға дер кезінде дайындықты бастадық және не істеу керек екенін білеміз. Салықтық жеңілдіктер мен жергілікті деңгейдегі қолдауларды есептемегенде, дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жалпы көлемі 4,4 триллион теңгені немесе 10 миллиард долларды құрайды, – деді Президент.

Осындай қысыл-таяң уақытта дүрбелең туғызбай, төтенше жағдай режимі талап етіп тұрған тәртіпті, міндеттерді бұлжытпай орындап, әркім жауапкершілікті сезінуі қажет. «Сақтансаң сақтаймын!» деген сөзді әрдайым жадымызда ұстайық.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет интернет желісінен алынды

Редактор

Recent Posts

В карасуском селе запустили завод по производству комбикормовой муки

Появление в Койбагаре важного объекта стало результатом взаимодействия казахстанского ТОО «Capital Harvest Trade» и китайской…

7 дней ago

Карасуское селение отказалось от употребления спиртосодержащей продукции

Белозёрка вошла в число безалкогольных сёл областного региона. (далее…)

2 недели ago

Продолжается работа по возврату незаконно выведенных активов в Карасуском районе

Все средства направляются на строительство и модернизацию социальных объектов. (далее…)

2 недели ago

Карасуское гидросооружение стало местом работы ведомственной комиссии

В регионе прошло расширенное заседание с участием сразу нескольких профильных ведомств. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.