Қырғызстан елінің Ыстық-Көл жағасында жауынгерлік өнерден халықаралық фестиваль өткен болатын
Байрақты бәсекеге әлемнің 8 елінен 3000-ға тарта спортшы қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар жекпе-жектің көпшілікке танымал 9 түрі бойынша сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады.
Аталған спорттық бәсекеге Қостанай облысының жекпе-жек одағының шәкірттері де қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Олардың қатарында біздің ауданның спортшылары да бар. Соның бірі – Рахат Дабыл. Ол аталмыш жарыста күміс жүлдегер атанды. Рахат Октябрь ауылының «ШахНұр» спорт клубының шәкірті. Оны жарысқа шыңдаған бапкер – Шахбоз Халметов.
Осылайша жерлесіміз дүбірлі додада ерекше көзге түсіп, ауданымыздың атын тағы бір асқақтатып қайтты.
Жас өрен кішкентай кезінен бастап спортпен айналысып келеді. Бастапқыда оның грек-рим күресіне деген қызығушылығы оянып, кейін осы спорт түріне жаттыға бастайды. Уақыт өте келе, қоян-қолтық ұрыс, жекпе-жекке ден қойып, бүгінде осы спорт түрлерімен шұғылдану үстінде.
Рахаттың спорттағы жетістіктері жетерлік. Ол өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында қоян-қолтық ұрыстан аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарда топ жарып, бірнеше мәрте жүлдегер атанып үлгерді. Әлі де талай биік белестерді еңсеретініне сенімдіміз.
Жаңабай АХМЕТОВ
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.