Қостанайлық « Троя» командысы белгілі жантықтырушы М. Нұрғалиев бәсекесінде тағыда топ жарды

Мереке күндері Қарасу ауылында  «Қарасу-Астық» ЖШС директоры А.Тұрсыновтың жүлдесі үшін  елімізге танымал жаттықтырушы Марат  Нұрғалиевті еске алуға арналған  футзалдан дәстүрлі облыстық турнир өтті.

Аталмыш жарысты Марат Қамзаұлының жақын-жуықтары мен «Қарасу-Астық» ЖШС және жергілікті спорт бөлімі  ұйымдастырғанын айта кеткен жөн.

Ерекше тоқтала кетер жайт, Қарасу ауданының тумасы Марат Қамзаұлы өңірдегі футболдың негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Даңықты спортшы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы болып қызмет атқарды. Сол жылдары ол аудандағы дарынды  футболшылардың бір буынын тәрбиеледі. Тәжірибелі жаттықтырушының шәкірттері 11 рет футболдан облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанды.  Ол футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Дмитрий Лакамов пен Талғат Баймұратовқа үлкен спортқа жолдама берді. Спорт саласына қосқан елеулі үлесі үшін оған Қарасу ауданының Құрметті азаматы атағы берілген болатын.

Осындай маңызды турнирдің аясында сынға түске командылардың арасында осалдары болған жоқ. Айта кету керек, турнирдің  топтық кезеңде ойын тарихында ең ірі жеңіс тіркелді.  Ол  қостанайлық  «Халық банкке» қарсы ойнаған  «Қарасу» командыларының арасында тіркелді. Ойын 14:1  есебімен қарасулықөтардың пайдасына шешілді.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші жартылай финалда Қостанай ауданынан келген   “Затоболец”  пен     “Қарасу”  ойыншылары кездесіп,  3:2 есебімен қонақтар жеңіске жетті.  Ал, екінші жартылай финалда “Троя” командысы  ҚМПУ студенттерін  еш қиындықсыз ұтты.

3 орын үшін болған матчта “Қарасу” ҚМПУ  студенттерінен  ұстем түсіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Финалдық бәсекелерде “Троя” мен  “Затоболец”  арасындағы ойын өтте тартысты болды. Ойын барысында шеберліктерін көрсете білген қостанайлық   “Троя” жарыс чемпионы атанды. Бұл осынау дәстүрлі турнирде  “Троя” командысың  кезекті  рет жеңімпазболғанын айта кеткен орынды.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

3 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

3 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.